«Спутник V» жануарларды да COVID-19-дан қорғайды — ғалым

«Спутник V» вакцинасы адамдарды ғана емес, жануарларды да коронавирустан қорғауға қабілетті. Бұл туралы «Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының» директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина жануарлар мен адамдар арасындағы вирус айналымынан қорғайды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Адамдар жануардан коронавирус жұқтыруының ғылыми дәлелденген жағдайлары жоқ. Тек фауна өкілдері адамдардан COVID-19 жұқтырған жағдайлар тіркелген.

«Спутник V» жануарларды да жақсы қорғайтынына сенімдімін, бірақ алдымен адамдарды вакинациялау керек», — деді Гинцбург.

Оның айтуынша, Гамалея орталығындағы жануарларға «Спутник V» вакцинасымен барлық клиникалық сынақ өткізілген. Сондықтан ол вакцина жануарларды да қорғайтынына сенімді.

«Жануарларға арналған вакцина әлдеқайда арзан және ол да нәтижелі», — деп қосты Гинцбург.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...