spot_img
spot_img

Спорт – денсаулық кепілі

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мақтаарал аудандық пробация қызметі мен аудандық спорт дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт денсаулықтың кепілі» атты ұранымен кіші футболдан жарыс өткізілді.

Аталған шара Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» атындағы орталық стадионда өтті.
Бұл спорттық додланың басты мақсаты түрлі себептермен тағдыр тәлкегіне түсіп, аңдамай шалыс басқан азаматтарды қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттап, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қайырымдылық іс-шараларға жұмылдыру болып табылады. Сонымен қатар, есірткі тұтынудың зияндылығы мен зардаптарын ұғындырып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына ықпал тигізді.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасында темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқандай. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт — барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласы жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің ауданда жағдай жасалған. Спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық, — деді Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нартай Сабаев.
Бекітілген ережеге сәйкес бірнеше топқа бөлініп кіші футболдан ойнаған жеңімпаз команда мен ойыншылар бағалы сыйлықтар мен грамота және алғыс хатпен марапаталды. Пробация қызметінің бақылауында тұрған жастар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Ойын соңында үздік шыққан командалар мен жекелеген ойыншылар ұйымдастырушылардың кубогімен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Осындай спорттық шараны ұйымдастырған Мақтаарал аудандық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Өзім бала кезімнен футбол ойнағанды ұнатамын. Тағдыр сынына ұшырап қателікке ұрындым. Өзімнің тағдырымды құртып, ата-анамды жерге қаратқаныма қатты өкінемін. Алдағы уақытта өмірден өз орнымды тауып, оқымай тастап кеткен оқуымды жалғастырып, ата-анама көмектесемін. Абай атамыздың; «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», деген өлең жолдары әрдайым есіме түседі. Менде еліме, жеріме өз пайдамды келтіремін деген сенімдемі, — деді сотталған Жарас.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар...

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер пациенттерді қабылдады

Түркиядағы Medicana Health Group клиникасының профессорлары Облыстық балалар клиникалық...

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...