Созақтық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Созақ аудандық полиция бөлімінде бастауыш ардагерлер ұйымы мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиынның мақсаты – Ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Кездесу кезінде бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері жас полицейлерге кәсіби шеберлікпен бөлісу мақсатында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, Ішкі істер органдарында адал қызмет етуді жеткізді.

Сонымен қатар полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Беркінбай Дуанаев сөз алып, марапаттау рәсімін өткізді. Құқықтық тәртіпті нығайтуда қосқан үлестері үшін Ішкі істер органдарында қызмет еткен ардагерлерге «Қазақстан Полициясына 30 жыл» мерейтойлық төс белгісін табыстады. Марапатқа ие болғандар қатарында Дәулеталды Еденбаев, Талас Қожабаев, Жарқынбек Шорманов, Нақып Сейсенбаев, Қайрат Бектаев, Сейтжаппар Игіліков, Болат Мұхымбеков, Нұрлыбек Дәуренбеков, Талғат Жақанов, Тимур Жақаев, Ғани Әлішеров, Қуанышбек Үмбетов, Абай Тұрмаханов, Дәуірбек Елібаев, Ерайдар Абдраев, Саттар Түбекбаев, Бақытжан Мадияров, Айдар Мұсаев, Нұрлан Омарбеков пен Ақылжан Абишевтер бар. Жиын соңында марапат алған полицейлер естелікке суретке түсті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...