«СOVID-19-дың зертханадан тарауы екіталай» — ДДҰ сарапшылары мәлімдеме жасады

СOVID-19 Ухандағы зертханадан тарады деген «теория» айтылғаны белгілі. ДДҰ сарапшылары вирус таралуының бұл нұсқасына пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

«СOVID-19-дың зертханадан тарауы екіталай, бұл нұсқа бұдан әрі зерттелмейді», — деп жазды РИА Новости тілшісі ДДҰ сарапшылар тобы жетекшісінің сөзіне сілтеме жасап.

Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға аттанды. Бастапқыда оны қытайлық тарап елге кіргізбеген, артынша зерттеу жұмыстарын жасауға рұқсат берді. Мамандар жарқанат резервуары, коронавирус алғаш анықталған базар мен Ухандағы зертханаға барып, әріптестерімен кездесті. Tengrinews.kz тілшісі Қытайдағы коронавирус инфекциясын зерттеу қалай жүргіп жатқанын жазған болатын.

Электрондық дәлелдемелерді сотта қолданудың маңызы зор

Цифрландыру процесі барлық салада, оның ішінде сот құрылымында да...

Сталкинг үшін жауаптылық қарастырылған

Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Ешкімнің біреудің жеке...