12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотты құрметтемегендерге жаза бар

Еліміздегі биліктің бір тармағы саналатын соттың мәртебесі биік, беделі жоғары. Конституцияның 75, 76-баптарына сәйкес, Қазақстанда сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мақсат етеді.  Ақ пен қараны ажыратып, елдегі әділдіктің кепілі болып отырған сот құрылымына құрметпен қарап, сот отырысына төрағалық етіп отырған судьялардың заңды талабына бағыну әр азаматтың міндеті. Сотты құрметтемегендерге заңдық жауаптылық қарастырылған.

          Сот шақыртуына келмегендер, сотқа келмеу себебін түсіндірмегендер судьяға ғана емес, барлық сот процесіне қатысушыларға құрметсіздік көрсететінін түсінуі керек. Сонымен бірге, сот прцесінде ортақ тәртіпке бағынбай, судьяның сөзін бөлу, айғайлап тыныштықты бұзу, қарсы тараптың сөйлеуіне, өз уәжін айтуына мүмкіндік бермеу де құрмет танытпаудың бір түрі.

Кейінгі жылдары сот отырыстарының басым бөлігі онлайн қаралатыны белгілі. Мұндай жағдай азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеу, уәре-сарсаңнан арылту үшін жасалғаны белгілі. Алайда, сот отырысының өтетін уақытын біліп тұрса да тараптар отырысқа дер кезінде қосылмайды, телефонының қуаты бітіп қалғанын сылтау етіп, онлайн процестен шығып кетеді. Тіпті сот процесіне үйінде тамақ ішіп отырып, көлік рөлінде келе жатып қатысатындар да бар. Темекі шегіп тұрып, қараңғы жерде сұлбасы ағараңдар процеске қатысатындар да табылады. Бұл көрінеу сотты сыйламаушылық. Мұндай азаматтар сотты құрметтемегені үшін жауаптылық барын ұмытпауы керек.

Айталық Қылмыстық процестік клдекстің 346-бабына сәйкес, сот отырысында тәртіп бұзылған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеу туралы айқын куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасалған кезде төрағалық етуші адамды сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ жағдайларда сотты құрметтемеу фактісі анықталғаны туралы жариялауға құқылы.  Осы кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен кінәлі адамға ақшалай өндіріп алу қолданылады.

Сот отырысы залына қатысып отырған, бірақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар, олар төрағалық етушінің өкімі бойынша тәртіпті бұзған жағдайда, сот отырысы залынан шығарылады. Сонымен қатар, сот оларға ақшалай айыппұл салуы мүмкін.

Азаматтық процестік кодекстің 188-бабына сәйкес істі қарау кезінде тәртіпті бұзған адамға төрағалық етуші сот атынан ескерту жасайды. Тәртіп қайта бұзылған жағдайда іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарылуы мүмкін. Іске қатыспайтын және сот отырысы залына қатысатын адамдар тәртіпті қайта бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімі бойынша отырыс залынан шығарылады. Істі талқылау кезінде қатысушылар тәртіпті жаппай бұзған кезде сот іске қатыспайтын барлық адамдарды сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін. Сот процеске қатысушы адам тарапынан сотты құрметтемеу фактісі анықталған кезде тікелей сот талқылауы барысында кінәлі адамға осы Кодекстің 120-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл адам осы Кодекстің 120-бабында белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

А.Азимбаев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Ар-намысты сот арқылы қорғауға кедергі жоқ

Әлеуметтік желі қолданушылардың белсенділігінің өсуі, ақпараттық қоғамның қалыптасуы ар-намысты...

Жолдау – басты бағдарымыз

Қазақстан Президентінің халыққа жолдау арнауы 1997 жылдан бері үзілмей...

Жеке мәліметтерге сақ болған жөн

Ақпараттық технологиялардың дамуы алаяқтық түрлерінің өсуіне әкелуде. Солардың бірі...

Алимент өндіру маңызды іс

Елімізде ажырасушылардың көбеюімен бірге алимент өндіру ісі де өзекті...

«Мемлекеттік сатып алу заңнамасының сотта қолдану тәжірбиесі»

2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі...