Соттардың тәуелсіздігі бәрінен маңызды!

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың сот билiгiн иеленуге құқығы жоқ.

Яғни, сот билігі — мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады. Оның заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртібімен қаралып, шешіледі.

Сондықтан сот беделі – сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, олардың ұстанымы мен жеке басының ерекше адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты.

Себебі, судья алдына әркім әділдік іздеп келеді және билік төрінен адам жан айқайын түсініп, тыңдай, тіл табыса білетін парасатты, білімді де, білікті, мейірбан жанды көргісі келеді. Азаматтардың сотқа, судьяның шығарған шешіміне деген сенімі мен үміті нақ осы бастапқы әсерлерінен қалыптасады. Сондықтан судья сыпайылықпен ұстамдылықтық өзегі болып, заң талабын қолдануда ерекше даналық көрсетуі заман талабы екенін түсінуі қажет.

Соттар мен судьялардың тәуел­сіздігі – уақыттың өзі тексеруден өткізген демократиялық жетістік болып табылады. Соған орай, мемлекет тарапынан сот ше­шімдері мен оның тәуел­сіз­ді­гін толық қам­­та­ма­сыз етудің және құ­қықтық мәр­тебесі мен ой мүд­десі тәуел­сіз­дігінің барлық шара­лары қа­был­данды. Өйткені, сот жүйе­сін жетілдіру барысында бар­­лық шаралар адам құқығын ны­ғай­туға, сот құзыреті тәуелсіз және ала­лаусыз жүруге бағыт­талуы тиіс екендігі құпталды. Судялардың ха­л­ықаралық қауым­дастығының жалпыға бірдей жар­ғысында судьялар әр адамның әділ сот тал­қы­лауына түсу құқы­ғын қамтама­сыз етуге тиіс делінген. Соған орай әрбір судья істі бейтарап және тәуелсіз соттың белгілеген мерзім ішінде әділдік пен жа­риялылық қағидатын сақ­тап жүр­гізуде, адамға тағыл­ған айып­ты қарау кезінде бар құ­қық­ты беруде және теңдікті сақ­тауда тек заңға ғана мойын­ұсынуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда елімізде сот тәуелсіздігі қатаң сақталатын және уақыт сұранысына сай жетілдіріліп отыратын процесс.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...