12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталушы АХАЖ бөліміне барып некесін қиды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ✓21 мекемесінде 100 жуық жазасын өтеп жатқан сотталушылар бар. Олардың тоқсан пайызы ер азаматтар. Қауіпсіздігі төмен деп саналатын мекемеде жазасын өтеп жатқандар ерсі қылық танытпай, тәртіптері түзу болса белгіленген өздерінің тәртібімен сыртқа шығып тұрады және жұмыс жасайды. Тіпті сотталушылар АХАЖ бөліміне барып некесін де қияды.
38 жастағы Максим Николаевич екі мәрте мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған. Алдымен көлік жүргізу куәлігінен айырылған, кейін осы әрекетін қайталағаны үшін бас бостандығынан айырылған. Өз кінәсін толықтай сезінген азаматтың бостандыққа шығуына тура бір айдай уақыт қалған. Десекте, ол болашақ әйелімен келісе отырып осылайша некесін қидыруды шешкен.

Абай облысы ҚАЖД №21 мекемесінде жазасын өтеуші Максим Вороньконын айтуынша:- Мен ҚР ҚК-нің 346 бабы бойынша жазамды өтеп жатырмын . Жарты жыл берді. Ал енді неліктен үйленуді қазір шештік десеңіз, біз бұны бұрыннан ойлап жүрген едік. Әйелім де мұнда қалаға келді, Алматыға кеткен болатын. Әзірге уақыт барда көп созбай некемізді қияйық деп шештік. Мына жақта немесе босағанда айырмашылық жоқ. Некемізді мекемеден шығып бостандықта қидық қой, — дейді.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ✓21 мекемесінің мамандарының айтуынша Максимның тәртібі жақсы, азық- түлік қоймасында жүк тасушы болып жұмыс атқарып жүр. Ал АХАЖ бөліміне барарда құжаттары бізде тіркелгендіктен некелерін қию салтанатына куә болдық дейді.

Бір ай бұрын мекеме әкімшілігіне келіп өзінің осылай некеге қиылатыны туралы өтініш білдірген. Ол өтініші қарастырылып. Белгіленген күніне мекеме қызметкерімен шығып, АХАЖ бөліміне некесін қиып келді. Бұндай шаралар таңсық жайт емес. Мұндай оқиғалар осыған дейінде мекемеде тіркелген. Сондықтан өмірдегі шешуші сәтте біз оларға тек қолғабыс етеміз дейді мекеме басшылығы.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...