Сотталғандар арасында спорттық шара өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінде наурыз мерекесі қарсаңында АКАӘПТЖББ-ның Жасақ бастығы Әлмахан Рамазанның ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты ҚР llМ 13.08.2014 жылгы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекіту туралы» № 508-бұйрығына сайкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Осы жұмыстардың бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдык-этикалык түсінікті арттыру, және сотталғандардың салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады. Осылайша, 2024 жылдың наурыз айында Наурыз мейрамына байланысты мекемеде жазаларын өтеп жаткан сотталғандардың арасында спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, қолкүрес, волейбол, шахмат ойындары ұйымдастырылды. Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигiзгенi анық болды. Наурыз мерекесіне байланысты спорттық, мәдени iс-шаралар өз денгейiнде өткізілді. Аталған іс-шараларға белсенді қатысқан сотталғандар мекеме бастығының құқығымен «Алғыс» жариялану сұрағы қарастырылуда. Шараның соңы жазасын өтеуші азаматтар домбыра және гитара мен әуезді әндер орындап, шараның көңілді аяқталуына өз септіктерін тигізді.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...