Сотталған әйелдер Абай облыстық перзентханасындағы мерзімінен бұрын туған сәбилерге жүннен тоқылған шұлықтар сыйлады

Абай облысы, Семей қаласындағы №21 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер Қайырымдылық күніне орай игі іс жасады. Олар мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелерге арнап өз қолдарымен жүннен тоқылған жылы шұлықтар дайындап, Абай облыстық перзентханасына жіберді.

Бұл бастама – сотталған әйелдердің қоғамға, әсіресе әлсіз топтарға көмек көрсетуге деген ұмтылысының көрінісі. Олардың айтуынша, қамқорлық пен жылулық әрбір сәбиге қажет, сондықтан өз еңбектерін осындай игі іске арнауды жөн көрген.

— «Жылы киім – мерзімінен ерте туған сәбилер үшін өте маңызды. Біз өз қолымызбен жасаған шұлықтардың кішкентай жүректерге жылу сыйлайтынына сенеміз», – дейді акцияға қатысқан сотталған әйелдер.

Бұл іс-шара №21 мекемесінің әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Басшылықтың айтуынша, қайырымдылыққа бағытталған осындай жұмыстар сотталғандардың түзелуіне, қоғамға бейімделуіне және ізгі істер жасау арқылы өздерін жақсы жаққа өзгертуіне ықпал етеді.

Абай облыстық перзентханасының өкілдері сотталған әйелдерге алғыстарын білдіріп, мұндай қамқорлықтың сәбилер мен олардың ата-аналары үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Бұл қайырымдылық бастамасы – адамның қандай жағдайда болса да, жақсылық жасай алатынын көрсететін жарқын мысал.

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...