ІІМ нұсқауына сәйкес ағымдағы жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейінгі кезеңде республика аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 17.10.2022 жылы БҚО Ақжайық аудандық сотымен №1 Ақжайық аудандық Пробация қызметінің ұсынысы қаралып, Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған бас бостандығын айыру жазасын алды.
Атап айтқанда «Б» деген азаматқа қатысты Ақжайық аудандық сотының 2022 жылдың 7-шы сәуірдегі үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен яғни ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмысына кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған.
Аталған үкімнің орындалуы сотталғанның тұрғылықты жері бойынша №1 Ақжайық аудандық Пробация қызметіне түсіп, «Б»-ға барлық заңдылықтар, жаза өтеу тәртіптері мен сот жүктеген міндеттер түсіндірілген.
Алайда сотталған «Б» жаза өтеу мерзімі ішінде жаза өтеу тәртібін бұзып, қоғамнан оқшауламай түзелу жолына түсер деген соттың сенімін ақтамай, жазаны өтеуден қасақана бұзып, бірнеше рет ескерту жасалған. Ақжайық аудандық сотының қаулысымен өтелмеген мерзімі 6 ай 5 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жол тартып кеткендердің алтыншысы. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бір өкініштісі-алғашында сот осы азаматтарға қоғамнан оқшалаусыз жазалар тағайындап, жанұясының, әке-шешесінің, достарының қасында жүріп, еңбек істеп, олардың қамқоршылдығында болуға мүмкіндік беріп, түрменің табалдырығын аттамай, осындай ортада түзеліп кетер деп сенім артады. Алайда сенімді ақтамайтын азаматтарда аз емес. «Ең ауыр қылмыс –сенімді ақтамау» деген осы болар.
БҚО бойынша «ҚАЖД N.1 Ақжайық аудандық Пробация қызметінің бастығы адiлет майоры Бижанов К.Б.


