Қазіргі уақытта Петропавлдағы әйелдер колониясында екі жүзден астам әйел жазасын өтеп жатыр, олардың арасында террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар да бар.
Мұндай сотталғандармен тұрақты негізде профилактикалық жұмыс және теология бойынша сабақтар жүргізу қажет. Осылайша, «№ 50 мекеме» РММ теологиялық қызметі оқу жылының басталуымен ислам мәдениетінің қалыптасу тарихы бойынша сабақтар циклін ұйымдастырды. Сабақтарды дін, тарих және құқық саласындағы оқытушылар мен сарапшылар топтық форматта да, әрбір қамаудағымен де жеке жүргізеді.
Бұдан басқа, сотталғандармен жұмыс істеу үшін оқу орындары мен ғылыми орталықтардан теолог-мамандар тартылады. Олар семинарлар, тренингтер өткізіп қана қоймай, сондай-ақ дін саласында жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін әзірлейді. Негізінен жұмыс ауызша форматта, бейнематериалдар мен презентациялар көрсету арқылы жүргізіледі.
Осындай сабақтардың мақсаты-сотталғандарды дерадикализациялауға бағытталған идеологиялық, тәрбиелік әсердің теологиялық жұмысы. Діни бағыттағы хадистерді психологиялық сүйемелдеумен дұрыс түсіну жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сотталғандардың барлық сезімдері мен ойларын дәстүрлі ағымға бағыттау, жұмыста радикалды бағыттағы сотталған әйелдерге әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану маңызды.
«Мен теология сабақтарына біраз уақыт бойы барып жүрмін. Бірнеше сабақтан кейін мен дін туралы мүлдем басқаша, қате түсінік алғанымды түсіндім. Қазір артқа қарап, осындай қадамға барғаныма өкінемін. Қаншама жас жігіттер мен қыздардың мен сияқты теріс жолға түсетінін көріп, ата-аналарға балаларының қоршаған ортасын бақылап, қандай ақпаратты тұтынатындығын бақылауын айтқым келеді. Дін тұрғысынан сүріну және өміріндегі ең үлкен қателік жасау өте оңай», — дейді сотталғандардың бірі.
«№50 мекеме» РММ
ТОЖ аға инспекторы
әділет капитаны
А.Касенова