ЗК-169/5 мекемесіндегі сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің психолог маманы Шынаркүл Құлыбаева мерзімі аяқталуға жақындаған жазасын өтеушілерді қабылдады. Онда метафоралық карталарды қолдана отырып, психологиялық, диагностикалық, консультациялық шаралар жүргізілді. Сала маманының айтуынша метафоралық карталар арқылы сотталғандардың жеке психикалық мазмұнын ашуға болады. Ол үшін бірдей суреттер беріледі. Позитивті ойлайтын, жақсы көңіл-күйдегі адам жағымды мазмұнды көрсетеді. Ал екіншісінің ішкі проблемасы болса одан шиеленіс, қарсылық, алаңдаушылық байқалады. Яғни әр азаматтың бейсаналық сана деңгейі анық білінеді.
-Қабылдау барысында өзімнің ішкі көңіл-күйімде кішкене шиеленістің бар екенін білдім. Расымен солай болатын. Психолог ондай сәттерде өзіңе дег ен сенімділікті қалай арттыру керектігін түсіндірді. Жігерлі адам ғана қиындыққа сынбайтынын ұқтым деді,- сотталған.
ЗК-169/5 мекемесінің баспасөз қызметі