12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарды жұмыспен қамту – маңызды іс

ЗК-169/5 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыровтың төрағалық етуімен кеңес өткізіліп, оған РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының және 5547 әскери бөлімінің басшылары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Басқосу барысында сотталғандарды жұмыспен қамту, мекеменің өндірістік аймағындағы ғимараттарды пайдаланып, жаңа жұмыс орындарын ашу жайы талқыланды. Сонымен қатар нысандардағы техникалық қауіпсіздік, санитарлық талаптардың сақталуы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сондай-ақ, бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстар пысықталды.

– Сотталғандарды толық жұмыспен қамту арқылы олардың мемлекет алдындағы шығынын өтеуге көмектесеміз. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді. Себебі, тегін ғимарат, дайын жұмыскерлерді пайдаланып өз кәсібін дамытуға мүмкіндіктері бар. Осы мәселе кәсіпкерлерге дұрыс түсіндірілу керек,- деді ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров.
Кеңес соңында жиналғандар бірауыздан өндірістік аймақтағы жұмыс қарқынын дамытуға ұйғарым жасасты.

ЗК-169/5 мекемесі, Қызылорда облысы

Ведущий китайский автопроизводитель Changan Auto подписал соглашение с компанией Flying Auto

В Алматы состоялось торжественное подписание соглашения о дистрибьюторском сотрудничестве...

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...