spot_img
spot_img

Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік аймаққа шағын орта бизнес кәсіпкерлік субьектілерін тарту бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директорының міндетін атқарушы Г.Елеусінова, Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры М.Алмас,мекеме бастықтары, РМК «Еңбек-Қызылорда» директоры С.Кенжебеков және облыстағы жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорлары қатысты.

Жиында жергілікті және шағын орта кәсіпкерлік субьектілерін түзеу мекемесінің өндірістік аймағына өз кәсіптерін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Жиынды ашқан Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров жеке кәсіпкерлерге түзеу мекемелерінде кәсіп ашудың жеңілдіктері мен мүмкіндіктері туралы айтып, өз кәсіптерін мекеменің өндірістік аймағына ашуға шақырды.

Жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыру арқылы олардың мемлекет, заңды, жеке тұлға алдындағы берешектерін төлеуге ықпал жасаймыз. Бірінші кезекте атқару парақтары бар сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Осы мәселені шешу үшін біз қолымыздан келгенше тырысып жүрміз, осыған орай мен кәсіпкерлерді әріптестік қарым-қатынас орнатуға шақырамын. Орынжайды жалға алу тиімді шарттармен беріледі. Өндірістік аймақ күзетілетіндіктен қосымша шығын қажет етілмейді. Жұмыс орындарда тәртіп сақталады.,- деді әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров.
Басқосуда сөз алған Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директоры міндетін атқарушы Гаухар Ыбрайқызы, бұл сұрақ палатаның назарында болатынына сенім білдіріп, қылмыстық -атқару жүйесі департаментімен кәсіпкерлер арасында байланыс орнату үшін көмек көрсететіндіктерін жеткізді.

Одан соң сөз алған Қызылорда облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Махмуд Ақтанұлы кәсіпкерлерді мекеме аумағына шақыра отырып, сотталғандарды жұмыспен қамту олардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, атқару парақтарының өндірілуіне және бостандыққа ертерек шығуына септігін тигізетіндігін айтып өтті.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37, №60 мекемесіндегі 600-ден астам сотталған 47 жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (ағаш өнімдері, қолөнер бұйымдары, дәнекерлеу, газоблок,пескоблок, кірпіш өндіру және жылыжайда қияр, қызанақ көкөністерін өсіру, гипстен мүсін жасау) жұмыспен қамтылған. Кездесу соңында жеке кәсіпкерлер еркін түрде пікір алмасып, сала мамандарына сұрақтарын қойып, ұсыныстарын да жеткізді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...