12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандардың өтініштерін қабылдау

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың өтініштерін қабылдау регламенті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен айқындалады.

Егер сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес біреуге өтініш жібергісі келсе, тек өз атынан ғана жасай алады.

Өтініш адресатқа тек мекеме әкімшілігі арқылы жіберіледі. Егер өтініш сотқа немесе прокуратура органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жолданса, онда оның сотталғандары электрондық өтініш беру терминалы арқылы электрондық құжат түрінде жібере алады.

Егер өтініш, рұқсат немесе түсіндіру туралы өтініш мекеме әкімшілігіне жіберілген болса, онда мұндай құжаттарды мекеменің нақты мәселеде құзыретті қызметкерлері сол жерде қарайды.

Жасақ бастығы сотталғаннан өтініш алғаннан кейін оған қабылдау туралы үзбелі талон береді және мәліметтермен өтініштерді қабылдау журналына енгізеді. Әрі қарай өтінішті хат алушыға жіберу немесе сотталғанды жеке мәселелері бойынша қабылдау үшін арнайы есепке алу бөлімінің қызметкеріне журналға қолы қойғызылып беріледі.

Өтініштер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей алушыға жіберілуге тиіс, бұл туралы сотталғанға да оның қолы қойылып хабарланады.

Егер хат алушы мекеме әкімшілігі болып табылмаса, өтініш бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінен ілеспе хатсыз жіберіледі. Егер сотталған өтініш жасаған ұйым электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тұрмаса, онда өтініш пошта байланысы арқылы жіберіледі.

Өтініштерді электрондық құжат түрінде жіберу үшін мекеме әкімшілігі сотталғандардың тұратын жерлерінде, камералық ұстау жағдайлары бар мекемелерді қоспағанда, арнайы терминалдар орнатады — мұндай жағдайда олар әкімшілік айқындайтын орындарда орнатылады.

Сотталғандарға арналған терминалды пайдалану мүмкіндігі белгіленген кестеге және күн тәртібіне сәйкес жасақтар бойынша күн сайын беріледі.

Өтінішке келіп түскен жауап сотталған адамға қолхатпен үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі және оның жеке ісіне қосылып тіркеледі.

Гульжан Құлманбетова, «ЕС-164/8мекемесі» РММ-нің кеңсе испекторы

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...