12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарды тексерді

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 10-нан астам сотталғанның мекенжайы бойынша тексерді. Тексеру барысында сотталған азаматтардың кешкі уақыттағы тыныс-тіршілігімен танысты.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан пробация қызметі есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында кешкісін мекенжай бойынша тексеру жүргізді.
Осы іс-шара барысында пробация есебіндегі сотталғандарға тұрғылықты жері, жұмыс істейтін жағдайы, жұмыс орны әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдардың басқа да есептері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бр күнде есепте тұрған 10 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Тексеру барысында барысында бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталмады.

-Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды. Осындай профилактикалық шара барысында сот жүктеген міндетті орындамаған екі азамат пен бір азаматша анықталды. Оларға қатаң ескерту жасалды. Енді олардың тарапынан осындай қателік орын алатын болса, онда олардың істері сотқа жолданатын болады, — деді Түркістан қалалық ПҚБ аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...