Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 10-нан астам сотталғанның мекенжайы бойынша тексерді. Тексеру барысында сотталған азаматтардың кешкі уақыттағы тыныс-тіршілігімен танысты.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан пробация қызметі есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында кешкісін мекенжай бойынша тексеру жүргізді.
Осы іс-шара барысында пробация есебіндегі сотталғандарға тұрғылықты жері, жұмыс істейтін жағдайы, жұмыс орны әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдардың басқа да есептері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бір күнде есепте тұрған 10 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Тексеру барысында барысында бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталмады.
Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз.
Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «ескерту» жарияланады. Ал ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады, — деді Түркістан қалалық ПҚБ аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы