12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандардың басым бөлігі мал ұрлаған

Қазіргі таңда мал ұрлығын жасаған қылмыскерлер ұсталғанымен, жәбірленушінің күн көріс көзіне айналған төрт түлігі дін аман қайтарылмай да қалады. Себебі, кейбір қылмыскерлер оңай олжаны тірідей сатып жіберсе, енді бірі оны ет ретінде сойып жіліктеп сатып ақшаны өз пайдасына жаратып жібереді. Осының салдарынан кейбір тұрғындар жоғалған малдарын қайтара алмай қапыда қалып жатады. Себебі, бұл қарапайым тұрғындардың салғырттығының салдары десе де болады. Олар малы жоғалған кезде өздері іздеп көп уақытты өткізіп алады. Қылмыс орын алған сәтте полицияға келіп шағымданбайды. Төрт түлігі қолды болғанан тұрғындар өз бетінше іздеп, екі немесе үш күнен кейін ғана шарасыздан полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді. Ал, осы уақыт аралығында барымташылар оңай олжаны сатып, ақшасын өзінің бас пайдасына жұмсап та үлгереді. Осындай жайттардың алдын алу мақсатында Сарыағаш ауданы Дарбаза ауыл округінде пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар арасында қайта қылмыс жасауға жол бермеу мәселелерді талқылау бойынша жиын кездесу өткізілді.

Кездесуде Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округінің әкімі Бақсейіт Ауезов, аудандық және ауылдық округтердің ардагерлер кеңесінің төрағалары, ауылдық округтердің төбе билері, Сарыағаш аудандық ПБ-нің ЖПҚ-нің учаскелік полиция испекторлары, Сарыағаш аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар арасында қайта қылмыс жасауға жол бермеу бойынша Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Ә.Оразбай ауданда бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазадарын өтеп жатқан адамдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сотталғандардың тұрғылықты жері, жұмыс және оқу орындары бойынша бақылау, олармен үгіт жұмыстарын жүргізу, қайтадан қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау сияқты мәселелерге тоқталды. Одан бөлек сотталғандарды еңбекке орналастыру мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөліміне жолданып жатқаны туралы айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі таңда 210 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар пробация қызметінде есебінде тұрады. Оның ішінде Сарыағаш ауданды Дарбаза ауылдық округінде 12 сотталған адам тұрады. Сотталғандардың көп бөлігі мал ұрлығымен сотталғандар.
Кездесуде сөз алған АПБ-нің ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А.Тастанбеков барлық қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істей отырып, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған адамдардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу қажеттілігіне тоқталды. Өйткені, есепте тұрған сотталған адамдарды бақылауда ұстап, қайта қылмыс жасамауына және түзелу жолына түсуіне көмектесу – барлық мемлкеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ қоғам белсенділерінің басты міндеті.

-Елімізде мал ұрлығын алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Ел тұрғындарының баптап-күткен малдарының бір сәтте жоғалуы кімге болса да оңай тимесі анық. Жылдамдық танытпаған жұрт малдарынан айдың аманында айырылуда. Сол себепті мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны анық. Арқаны кеңге салған кейбір тұрғындар ірі қарасын қараусыз жайылымға жіберіп, ол өз кезегінде малдың кедергісіз ұрлануына жағдай туғызады. Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тартылатын адамдар да кездесіп жатады. Пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтар қатаң жазаға тағайындалады. Дегенмен де, есепте тұрған сотталғандар қайта қылмыс жасамау үшін мәжбүрлі еңбекке тартылады. Мәжбүрлі еңбекке тарту ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған сотталғандарға қолданылады. Жұмыссыздықтың салдарынан адамдар көбінесе қылмысқа итермелейтіні белгілі. Осындай қылмыстың алдын алу мақсатында сотталушы азаматтарға өздерінің мамандығы бойынша жұмыс тауып береміз. Бұл сотталған азаматтардың қайта қылмысқа бару жолын кеседі, — дейді Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Әзизхан Оразбай.
Жиын сонында Дарбаза ауылдық округінің әкімі Б.Ауезов, облысқа танымал азамат Ә.Досболов, Дарбаза ауылдық округінің төбе биі Ж.Шойбек жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарды жүргізуді, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуді, салауатты өмір салтын дұрыс ұстауды, қоғамға қайта бейімдеуді олармен тәрбие жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сотталғандардың түзелуі және оның дұрыс жолға түсетінін анық екенін айтып өтті.
Ұрлыққа баратын сотталғандардың тұрақты жұмысы мен табысы жоқ. Өздерінің қажеттілігі үшін біреудің малын ұрлап, оңай олжаны сатып жібереді. Ал, қолға түскен кезде заң алдында жауап беретінін әсте ойламаса керек.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...