12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар өздеріне берілген мүмкіндікті қалт жіберіп жатады

Қылмыс жасап заң алдында жауап берген адам үшін бас бостандығынан шектеу жазасына тартылу үлкен мүмкіндік. Пробация қызметінің бақылауына алынған адамдардың өзі сот жүктеген міндетті орындамай, бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып жатады. Олар өздерінің жіберген қателігін әсте ескермесе керек. Сөйтіп өздеріне Үкімет тарапынан берілген мүмкіндікті қапыда қалт жіберіп алып жатады. Сонымен қатар, пробация қызметі деген не? Оның мақсаты мен міндеті қандай? Пробация есебінде тұрғандарды тәрбиелеу үшін қандай жұмыстар жасалуда? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін Шымкент және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жетісай аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ділшат Назаровпен сұхбаттасқан едік.

– Пробация қызметі дегеніміз не?
– «Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе неғұрлым жеңіл жаза түріне ауысып шыққандарды босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу пробация қызметкерлерінің басты міндетінің бірі. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру болып табылады. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын бұлжытпай орындауы қажет. Міне, осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды.
– Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар абақтыға қамалып жатады. Түрмеге тоғылмаудың жолына да тоқтала өтсеңіз?
– Әрине, пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған адам заңды қаскөйлікпен бұзған жағдайда ол жазаның өтелмеген бөлігін абақтыда өтейді. Кейбір азаматтар өздеріне Үкімет тарапынан берілген мүмкіндікті жіберіп алып, қамауға жіберілгенде өкініп жатады. ПҚ бөліністері және Жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарға қатысты қадағалау мен бақылау жұмыстарында ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы», 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу туралы» қағидалардың және қр заңнамаларын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібі де түсіндіріледі.

-Жетісай ауданы бойынша қанша сотталған тізімде тұр, олардың арасында түзелу жолына түспей, қайта сотталғандар бар ма?

-Пробация қызметінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қайта қылмыс жасамауға және құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін жұмыс жасауда. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетілуде. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады. Сонымен қатар, Пробация қызметкерлерінің міндеті – бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылған соталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу.

-Жетісай ауданында қанша сотталған тізімде тұр, олардың арасында түзелу жолына түспей, қайта сотталғандар бар ма?

-Қазіргі таңда Жетісай ауданы бойынша, 187 азамат пробациялық бақылауға алынған. Былтырғы жылы 333 адам пробациялық қызметінің есебінен өткен. Есептік кезеңнің соңында 242 адам тіркелсе, 2022 жылы 183 сотталған тіреуде қалған. Қарап отырсақ, 59 сотталғанға қысқарған. Оның ішінде жазасын өтеуші әйелдер саны — 17, кәмелет жасына толмағандар 1 сотталған. Бүгінгі күнге дейін Жетісай аудандық пробация қызыметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған азаматтар арасында қайта қылмыс жасаған азаматтардың сны — 3, Қылмыс санаттары бойынша сотталғандарға тоқталар болсақ, ескерту шарасы қолданылған – 41 соның ішінде қаскөйлікпен тәртіп бұзған 7 сотталған азаматқа қатысты Жетісай аудандық сотына ұсыныс жолданып, 3 сотталған азамат бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді. Ал, қалған 4 ұсыныс аудандық соттың қаулысымен қанағаттандырылудан бас тартылды. Аурлығы орташа қылмыс — 2, ауыр қылмыс – 1 сотталған пробациялық бақылауда тұр. ҚР ҚК-нің 73-бабымен түзеу мекемелерінен босатылып, шектеу жазасына ауыстырылғандардың саны – 34 сотталғанды құрайды. Сонымен қатар жаза өтеп жүріп қайтадан қылмыс жасау деректеріде орын алуда, қазіргі таңда үш сотталған қайта қылмыс жасап отыр. Пробация қызметінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қайта қылмыс жасамауға және құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін жұмыс жасауда. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетілуде. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады.

-Пробация қызметінің есебінде тұрғандарға қандай көмектер көрсетілуде?

-Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға өздерінің әлеуметтік жағдайларына байланысты көмектер көрсетілуде. Атап айтар болсақ, оның ішінде медициналық көмек алғандар — 52. Психологиялық көмек алғандар – 52, Жұмысқа орналасқандар — 26, адам жұмысқа орналасып, отбасын асырап отыр. Оның ішінде, квота арқылы жұмысқа орналастырылғандар саны — 12 орналастырылды. 35 сотталған құқықтық көмек алды.

-Сонда пробация қызметі сотталғандарды тәрбиелеуші қызмет түрі болып табылады ма?

-Әрине, пробация қызметінің құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, қоғамнан оқшауламай-ақ, қылмыстық жазаларды барынша кеңінен қолдануға жағдайлар туғызып отыр. Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олардың түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар. Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әртүрлі көмек көрсету. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...