12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар шығарма жазып төлем картасын ұтып алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 республикалық мекемесіндегі жазасын өтеушілер шығарма жазып Қазақтелекомның төлем картасын ұтып алды. Шығарма жазу байқауына экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтары қатыстырылды.

Басты мақсат — сотталғандардың санасында ізгі ой қозғап, жағымды көңіл- күй сыйлау.
Бойларында жақындарына деген мейірімділікті арттыру, адамгершілікке баулу болып табылды. Шараны мекеме психологтарымен « Асыл мұра — Орда» қоғамдық қоры бірігіп өткізді.

Қор директоры Айтмамбетова Айжанның айтуы бойынша: Бүгінгі байқауға « Менің отбасым » тақырыбын арнайы таңдап адық. Отбасы сотталғандар үшін ең жағымды сезімді тудырады. Мұнда қамауда отырып, олар өмір туралы, жанына жақын жандар жайлы көп ойланады. Бостандықтықта отбасымен өткізген күндерінің шынай қадірін түсінеді. Сотталғандар шығармаларында « Бала сүю үлкен нығмет» Балалы үй базар» «Ата- ананың қадірін, балалы болғанда білесің» деп жазса, енді бірі, « …Балаңа берер тәрбиең,алдымен өзіңді жөндеуің…» деп жазған екен.

Байқағанымыздай қамаудағылар мұнда отырып, өз істеріне өкініп, болашақта дұрыс жолға түсіп, ұрпағына тәлімді тәрбие бергісі келетіндіктерін білдірген. Олай болса, бұл іс-шара олардың жан дүниесіне игі ықпалы етті деп сенеміз. Байқау нәтижиесі бойынша, ынталандыру мақсатында, 1- орынға 2000 теңгенің, 2, 3 орындарға 1000 теңгенің қазақтелеком төлем картасын бердік. Бұл картамен олар таксафон арқылы жақындарымен сөйлеседі.

«Бүгінгі байқауға қатысып, бағымды сынап көрдім. Отбасым туралы шығарма жаздым. Жақындарымды сағынып жүрмін. Мүнда отырып, жанұяның қадірін жете түсінгендеймін. Шыққан соң балаларыма дұрыс тәрбие бергім келеді. Ол үшін әрине, алдымен өзім өнегелі болуым керек. Өз-өзіме сынай қарап, мінез- құлқымды қайта тәрбиелеп жүрмін. Өмірге деген көзқарасым да өзгерді. Шығармада ойымды еркін, жүйелі жеткізуге тырыстым. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1 орыды иелендім. Ұтып алған төлем картасымен отбасыммен бірнеше рет сөйлесетін болдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», — деді сотталған азамат.

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...