ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар отбасы мүшелеріне алғыстарын жазды. Мекеменің тәрбие бөлімі әр жасақтағы жазасын өтеушілердің жанұяларымен жақсы қарым-қатынас орнатуына жан-жақты мүмкіндіктер қарастырып келеді.
-Мен өз жұбайыма алғысымды жаздым. Жасаған қателіктеріме кешіріммен қарап, отбасымды ұстап, жоқтығымды білдірмей балаларымызға жақсы тәрбие беруде. Сондықтан оған өз тарапымнан риза екенімді білдіріп, алғысымды жеткіздім,- деді сотталған.
Тәрбие бөлімі қызметкерлерінің айтуынша отбасымен байланысты нығайту үшін мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Себебі, сотталған қоғамда өз орнының бар екенін сезіну керек. Ондай сезім жақындарымен жақсы қарым-қатынаста болғанда ғана қалыптасады.
ЗК-169/5 мекемесі