12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар мешіт ұстазымен кездесті

28.09.2022 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесіне Қызылорда қалалық «Құддыс — иман» мешітінің ұстазы Мұханбетғани Түлкібаев келді.
Ислам дінінің адам өміріндегі орны, түрлі діни ағымдардың идеяларынан қорғану және дәстүрлі дінді насихаттауды мақсат еткен кездесуге мекемедегі жазасын өтеушілер қатысты. Кездесу барысында сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс оқып, намаз оқудың тәртібі мен сабырлық туралы да сөз қозғады.
-Қиындықтар кездессе оған сабыр ету — болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдауымыз қажет. Халқымыз «Сабыр түбі-сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа» деп сабырға байланысты нақылдар қалдырған. Сондықтан ашуды ақылға жеңдіріп, өз-өзіңді ұстап сабырға шақыру, ашуланбау нағыз мұсылмандық. Біреуге қиянат жасамай,тіл тигізбей, бойларыңызды жаман әдеттерден аулақ ұстаңыздар,- деді ұстаз М.Түлкібаев.

Кездесу соңында жазасын өтеушілер аталған тақырып бойынша мешіт ұстазына өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

Достанова Дана
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотталғандардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу мақсатында Алмалы ауданы...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ И НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ

Как известно, национальный проект «Качественное образование – образованная нация»,...

– Андрей Иванович, Ақмола – табиғат ерекше байлық сыйлаған...

Аумақтық соттылық мәселелері

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне...

Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары,...