Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар қалалық әкімідігінің жұмыспен қамтыу орталығын үйымдастырған «Бос жұмыс орындары» атты жәрмеңкеге қатысты. Шараға қатысқан 15 сотталған алдағы уақытта жұмыспен қамтылмақ.
Аталған іс-шараға аудандық қалалық пробация қызметі есебіндегі он бес сотталған қатыстырылды. Жұмысқа орналасуға ниет білдірген сотталғандар жұмыс берушілерден кеңес алып, ұсынылған бос жұмыс орындары және мамандықтар бойынша өздеріне қажетті мәліметтер алды.
Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.
Жалпы, шараға қатысқан пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс берушілер бірнеше тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан он бес соталған жұмысқа орналасу үшін жолдама алуға жұмыспен қамту орталығына өтініш өалдырады. Олардың өтініші қабылданып, жұмыс беруші тараптың талаптарына сай келетін сотталған азамттар жолдама алып, жұмысқа орналасатын болады. Олар электронды үкіметтегі «Еңбек.кз» сайты арқылы жұмыс беруші мекеменің бос жұмыс орнына өтініш қалдырады.
Бүгінгі өткізілген шара өзгеше болды. Себебі, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі Ауқымды іс-шараға қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 15 сотталғандарды алып келдік. Олар өздерінің мамандықтары бойынша мамандардан кеңес алды. Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, сайт арқылы өтініш қалдыратын болады. Жалпы, жұмыспен қамту орталығымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде біршама сотталған азаматтар жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, өздерінің шағын бизнесін ашуды жоспарлап жүргендер де мамандардан кеңес алып, бизнес ашудың жолымен танысты. Алдағы уақытта жұмысқа орналысып отбасыларына материалдық көмек көрсете алады, – деді . Түркістан қалалық ПҚ аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Абдуаллаұлы
Әрине, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар «екі қолға бір күрек» деп жұмыс берушілердің ұсынған жұмыстарына орналасуға ниет білдіріп отыр.
Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, өзімнің кәсібімді ашсам деген ниетім бар. Өз кәсібімді ашып, жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмыс беруді армандаймын. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқық бұзбауға тырысамын, — деді сотталған азамат.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы