12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар арасында тимбилдинг өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің және «Pro bono» қоғамдық қоры, «Красивое сердце» жеке қорының ұйымдастыруымен тимбилдинг өтті.
Шара барысында сотталған азаматтар екі топқа бөлініп валейбол ойнады. Одан соң топтық қызықты ойындар ойнатылды. Олар команда болып сурет салып, суреттері бойынша түсіндірме берді.

«Бүгінгі шараның мақсаты – сотталғандардың ұйымшылдығын жоғарылату, командалық рухты көтеру және сотталғандардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру.
Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Жазасын өтеушілер топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, сотталған азаматтардың бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді»,-деді жасақ бастығы әділет капитаны Сұлтан Айғара.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...

В области Абай ветеран УИС отметил 90-летний юбилей

В области Абай ветеран уголовно-исполнительной системы Андрейцев Владимир Лукич...