spot_img
spot_img

Сотталғандар арасында «Мандалдармен жұмыс» тақырыбында сабақ өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Бүгін ҚАЖ департаментінің 60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлері сотталғандар арасында «Мандалдармен жұмыс» тақырыбында сабақ өткізді.Мандаламен жұмыстың негізгі мақсаты — жазасын өтеуші азаматтардың шығармашылық деңгейін дамыту барысында өзін-өзі тануға көмектесу болып табылады. Сонымен қатар мандаланы бояу қазіргі кездегі стрессті төмендетуге, толыққандылыққа жетуге көмектесетін әдістің түрі болып табылады.

«Мандаланы бояу барысында жазасын өтеуші азаматтар өздерінің бейсанасында жасырын қалған өздерін толыққанды қағаз бетіне түсіре білді. Бояу – бұл әдетте балалық шағымызбен байланыстыратын әрекет болғандықтан, өмір мен тыныштықты тудыратындықтан ғана емес, сонымен қатар ол қозғалтқыш дағдыларына, сезімдерге және шығармашылыққа байланысты түрлі ми бөлімдерін ынталандырады. Бояумен жұмыс жасауда ересек адам қайтадан өзін бала сияқты сезінеді. Мәселен, бояуды медитация ісі ретінде қарастыруға болады. Өйткені ол біздің ойымызға біздің атқарып жатқан қызметіміздің бөлігі ретінде және шығармашылықпен байланыста болуымызға көмектеседі»,- деді мекеме психологы А.Жүсіпбеков.

Іс-шара соңында жазасын өтеуші азаматтар өздерінің ішкі сезімімен бөлісіп, бояу арқылы қағаз бетіне түсірді

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...