10 тамыз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.. » атты мәнерлеп оқу шарасы өтті.
Сотталған азаматтардың қатысуымен болған бұл іс-шарада, олар ақынның өмір жолы мен шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді.Тіптен бір сотталған «Абай жолы» романын оқығанын айтып, алған әсерімен бөлісті.
«Абай жолы» романын екінші қайтара оқыдым. Өйткені мұнда бос уақытым көп болады. Романдағы Құнанбай образы ұнады. Абай жолы, қазақтың жолы екенін білдім. Бұл эпопея, халқымыздың бүкіл салт-дәстүрін насихаттайды екен. Бейне бір тарихи кино көргендей әсерде жүрмін- деп, Е.есімді сотталған алған әсерімен бөлісіп, романнан үзінді оқып берді.
Келесі бір жазасын өтеуші азамат: Мен, кітапханадан ақынның өлеңдер жинағын алып оқыдым.Ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» және «Адасқанның алды –жөн, арты-соқпақ» деген өлеңдерінде айтылғандай, шынында да, мен арзан ойынға қызығып, қылмыс жасадым. Қисық соқпаққа түсіп, адасып кеттім. Енді міне, соның жазасын өтеудемін-деп, өз ісіне өкінетіндігін білдірді. Маған Абайдың «Отыз алтыншы қара сөзі» ұнады. Онда, «Ұят деген –адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты деген жолдары ұнады. Қылмыстың өтеуі- жаза. Жазап өтеп, бостандыққа шыққан соң,Абай айтқандай, адал жолмен мал тауып, өмір сүремін- деді келесі бір, хакім Абайдың қара сөздерін оқыған сотталған.
Ия, шынында да, Абай «Ойға түстім, толғандым. Өз мінімді қолға алдым», – дегендей, бұл іс-шараның сотталғандар үшін тәрбиелілік мәні зор болды. Өйткені олар, ақын шығармалары арқылы өз-өзін танып, өз міндеріне сыни қарап адамгершілік қасиеттер мен «толық адам » қандай болу керектігі жайлы толғанысқа түсіп, біраз рухани азық алды- деп ойлаймын – деді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Абдулла Уайдаев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД