Сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар сот жүктіген міндетті бұлжытпай орындауда. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық Пробация қызметінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» атты профилактикалық шара барысында кешкі уақытта сотталғандардың тұрғылықты мекен жайы бойынша тексерді.

Аталған шараға Пробация бөлімі қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың үйіне барып есепте тұрған адамдармен және олардың жақын туыстарымен тәрбиелік мағынада әңгіме жүргізеді.

Бұл бастаманың басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында оларды тіркелу барысында тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді. Мұндай профилактикалық шаралар – пробация қызметініӊ есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау үшін ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандармен де түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Пробация қызметі өз тарапынан қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілгендерді тәрбиелік жолға салып, қайта қылмыс жасауды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда.
Қазіргі уақытта елімізде Пробация қызметі жүйелі дамып келеді. Бұл – мемлекетіміздің абайсызда қылмысқа ұрынып, жаза басқан азаматтардың қоғамға бейімделіп, қайта қылмыс жасамауына ықпал жасайды. Сонымен қатар, олардың түзелу жолына түсіп еліміздің бір бөлшегіне айналуына жол сілтейді. Пробация қызметі– бақылау, қадағалау ғана емес, ол – тәрбиелік шаралардың жиынтығы.

Желтоқсан айының 12 мен 15 аралығында «Құқықтық тәртіп» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуді. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Түркістан қалалық пробация қызметі және ЖПҚБ-і учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі және полиция есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Іс-шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекенжайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты сотталушыны түзеу, өзге де қылмыстардың алдын алу, адамдардың ой-санасына оң ықпал жасап, азаматтардың қылмысқа бармауына барынша ықпал етіп, қоғамның құқықтық сауаттын арттыру. Бірлескен жоспарға сәйкес пробация қызметі мен учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша және жұмыс орындары бойынша тексеріп, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді,- деді Түркістан қалалық пробация бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Мадина Жақсылықова.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Қылмыстың алдын алудың заманауи мәселелері

Қазақстанда қылмыстың алдын алу (профилактика) – құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы...

Гендерлік теңсіздік бар жерде сыйластық болмайды

Қай заман болса да отбасындағы теңсіздіктің кесірінен нәзік жандарға...

Кәсіпкерлікті дамыту

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Қазақстандағы Конституциялық комиссия мен цифрлық платформалар реформаның инклюзивтілігін қамтамасыз етті – америкалық сарапшы

Қазақстандағы конституциялық реформа өзгерістерді дайындаудың инклюзивті тетіктерінің және реформаларды...

Референдум как показатель политической вовлеченности граждан в принятие государственных решений

Референдум в Казахстане позволяет зафиксировать несколько важных тенденций в...