Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінде Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында ауқымды спорттық іс- шаралар өтуде.
Атаулы мереке қарсаңында №8 түзеу мекемесінде: футбол, теннис, шахмат, дойбы, армрестлинг, арқан тарту, гір көтеру секілді бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шаралар соңында жазасын өтеушiлерге мерекелік көңіл- күй сыйлайтын концерттік бағдарлама ұсынылды.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті


