12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталған мүгедекке көмек көрсетілді

Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасынан құрылған еріктілер мүмкіндігі шектеулі жанның үй тірлігіне көмектесті.

«Қайрымдылық жасасаң қайырың өзің көресің» деген ұстанымды ұстанған Кентау қалалық пробация қызметі мүмкіндігі шектеулі жанның үй шаруашылығына көмектесіп келеді. Қалалық Жастар ресурстық орталығы мен жеті сотталған азамат өз еркімен мүмкіндігі шектеулі жанның үй шаруасына көмектесіп, отынын жарып, жерін қоқыстан тазалап берді. «Қыстың қамын күзде ойлағанның зияны жоқ» демекші қысқы отынды отап алуға жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі жанның денсаулығы жарамайды. Қарт кісінің жағдайын түсінген пробация қызметі оған қолдау көрсету мақсатында ерікті сотталғандармен бірлесіп, материалдық және моральдық тұрғыда қолдау білдірді. Қысты күні ошаққа жағатын отынын жарып, үйдің ауласын тазартып, бақшасындағы арам шөптерін отап, үй шаруасына қолқабыс етті.

Біздің пробация қызметтінің есебінде тұратын сотталғандармен қалада тұратын жағдайы төмен, жалғыз басты, мүгедек жандардың үй шаруасына қолқабыс етіп тұрамыцз. Көмекке мұқтаж азамат қрлық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған. Бұл кісінің үй шаруашылығына көмектесетін балалары болмағандықтан пробация есебінде тұрған ерікті сотталған азаматтарды ертіп барып көмектестік. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған сотталғандар да өз еріктерімен барып, ол кісіге көмектесті. Аталған қайырымдылық іс-шарасына пробация есебінде тұрған азаматтарды тартудағы мақсатымыз — оларды қоғамға бейімдеп, жауапкершілікті сезінуге шақыру. Жалпы көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созу ізгі істің үлгісі деп білеміз, — дейді Кентау қалалық пробация қызметінің инспекторы Жанәлі Өтешов.

Қиналған кезінде қамқорлыққа бөлеген қарт кісі пробация қызметі мен ерікті сотталған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Қазақта «қателеспейтін жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деп бекер айтпаса керек. Менде қателікке бой алдырып пробация қызметінің есебіне түркелдім. Өзімнің жасаған қателігіме әрине қатты өкінемін. Пробация қызметіне тіркелген күнен бастап, инспекторлар менің отбасылық жағдайымды тексеріп, маған қажетті көмек қолдарын созып тұрады. Бұл үй менің бақытты күндерімнің естелігі. Қазіргі таңда. үйдің ауыр жұмысын жасауға менің денсаулығым жарамайды. Менің мүгедектігіме алатын жәрдемақым коммуналдық қызметтер мен дәрі-дәрмекке ғана жетеді. Күнделікті азық- түлік пен киім-кешекке ауыспайды. Осыны ескеріп, үнемі материалдық көмек көрсетіп жүрген Кентау қалалық пробация қызметіне алғысымды айтамын, — деді мүмкіндігі шектеулі жан.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...