Сотталған әйелдер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен тілдер күнін атап өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №10 мекемесі мен Жауғашты ауылындағы кәсіби техникалық колледж өкілдері «Қазақстан халқының тілдері күніне» және қазақ қоғамының ұлы саясаткері Ахмет Байтурсынулының 150 жылдығына арналған ақпараттық іс шара өткізді.

Іс шараның ашылуы біздің еліміздегі түрлі ұлттың тілдерінде, яғни 15 тілде амандасумен басталып, Қазақстан халықтарының паппури билерімен жалғасты, залда отырған көрермендер зор ықыласпен тамашалады.

Шараның соңында сотталған әйелдер «Ұлт ұстазы» атты бейне сурет көрді және «Алаш» партиясының мүшесі, аудармашы, жазушы, лингвист,ұлы саясаткер Ахмет Байтұрсынұлы туралы баянатты тыңдады.

Бұндай іс шаралардың өткізілуі ең басты мақсаты тілге деген білімдерін арттыру, тілге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетіне және оларды түсініп ұғынуларына көмек көрсету. Сонымен қатар, біздің еліміздің тарихын қалаушылардың, сотталған әйелдерге осындай іс шаралар арқылы түсіндіріп, жеткізе білу.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...