spot_img
spot_img

Сотталған аурудан жазылған әйелімен он айдан соң кездесті

Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты Қызылода облысындағы № 68 мемлекеттік мекемесінің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғанға ауылдан әйелі келді.

ҚР ҚК 188-1 бабы 3бөлік 1-тармағы бойынша 5- жылға сотталған бұл азамат мерзімінің жарты бөлігін өтеп қойды.

Өзінің айтуы бойынша, тар қапастағы сүреңсіз күндерінде уайымға салынып кетпей, болашаққа нық сенімммен қарауға, ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелінің жылы сөздері мен қолдауының игі әсері мол.

Ғабит бұл күнді асыға күтті. Ұзақ мерзімді кездесу қауіпсіздігі аралас мекеме сіндегі шаруашылық бөліміне қалдырылған оң мінезді сотталғандар үшін екі айда бір беріледі.

Бірақ әйелінің біраз сырққаттанып қалуына байланысты бұл жолы олар он айдан асқанннан соң ғана кездесті. Қылмыстың өтеуі жаза. Өзімнің бостандықта жүргенде өміріме шүкіршілік етпегеніме өкінемін. Адамға ақша, байлықтан да артық нәрсе жақындарының жылы сөздері мен махаббаты екен. Сондықтан мекеме әкімшілігіне әйеліммен кездестіруге мүмкіндік беріп тұрғаны үшін алғыс айтамын.

Екі күндік кездесуде әйелімнің денсаулығының жақсарғандығын өз көзіммен көріп, балаларым мен туыстарымның амандығын сұрап біліп, көңілім көтеріліп қалды.

Бұл кездесу менің болашақ өмірге деген құлшынысымды арттырды- деді жазасын өтеуші жас жігіт.

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...

В День Республики — инициатива, единство и гордость

В честь Дня Республики Казахстан осуждённые учреждения №14 ДУИС...

Кішкентай қыздың құрметі – үлкен өнеге

Қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтау – полиция қызметкерлерінің ең...