Сотталғандарға сенімхат рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде бүгінде 150-ден астам азамат жазасын өтеуде. Бұл мекемеде жазасын өтеушілердің тек жаза мерзімін өткеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың құқықтық сауатын арттыру, отбасымен байланысын нығайту және азаматтық-құқықтық қатынастарын реттеу мәселелері де басты назарда.

Осы мақсатта мекеме заңгері Жалғас Есмаханов жазасын өтеушілерге азаматтық-құқықтық мәселелер, соның ішінде неке және отбасы қатынастары, сондай-ақ сенімхат рәсімдеу тақырыптары бойынша кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сотталғандар көбіне өздеріне тиесілі мүлікті туыстарына беру үшін сенімхат рәсімдеуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайларда мекеме заңгері оларға құқықтық көмек көрсетіп, құжаттарды дұрыс әрі заң талаптарына сай рәсімдеуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, көлік құралдарын жақындарына сенімхат арқылы басқаруға немесе сатуға рұқсат беру мәселелері де жиі кездеседі.

– “Заң баптарын терең әрі түсінікті етіп түсіндіру – менің негізгі міндетім,” – дейді мекеме заңгері Жалғас Есмаханов.

Құқықтық көмекпен қатар, мекеме заңгері жазасын өтеу барысында заңды некеге тұруға ниет білдірген азаматтарға қажетті құжаттарды дайындауға көмектесіп, оларды тиісті органдарға жолдайды.

Осылайша, №37 мекеменің құқықтық қызметі қиын жағдайда қалған жандардың болашаққа үмітпен қарауына, жаңа өмір бастауына мүмкіндік беруде маңызды рөл атқаруда.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы 70-ке жуық құқық бұзушылықты анықтады

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында...

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Грузия арқылы әлемдік нарыққа шығармақ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспорт географиясын кеңейтіп, Грузия арқылы...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...

Переломить тревожную динамику

В КАЗАХСТАНЕ СНОВА ЗАФИКСИРОВАН РОСТ ДЕТСКИХ СУИЦИДОВ ПОЧТИ НА...