СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН БІР МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ

Алматы қаласындағы балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдер Ұлы Жеңіс күні құрметіне өткізілген іс-шарада сарбаздар туралы сахналық қойылымдар мен соғыс туралы бейнеклиптерді тамашалады.
Салтанатты іс-шараға қатысушылар Отан үшін жан қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Олар Жеңіс күніне жете алмаған сарбаздардың рухына осылай құрмет көрсетті.
Жазалы балалар Жеңіс мерекесіне арнайы келген Алматы сән және дизайн колледжінің студенттерімен бірге концерттік бағдарлама әзірлеп, соғыс жылдарындағы жалынды әндерді шырқады. Мекеме ауласында жазалы балалар «Ұлы Жеңіс күні» әнін колледж студенттерімен қосылып айтып, рухты әннің мағынасымен шабыттанды.
№11 мекеме ішіндегі жалпы білім беретін мектептің ұстаздары ұйымдастырған бұл мерекенің маңыздылығы – балалардың санасына бүгінгі бейбіт өмірдің қандай құрбандықтармен келгенін сіңіру болды.

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...

Водоснабжение населения: итоги и планы

В Казахстане продолжается системная работа по обеспечению населения качественными...