Сотталған азаматшалар зорлық-зомбылыққа қарсы 10 күндік акцияға қатысты

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні аясында түзету мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалардың қатысуымен акция өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және сотталған әйелдердің қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету.

Акция барысында психолог мамандар мен тәрбие бөлімі қызметкерлері азаматшалармен арнайы тренингтер, пікірталас алаңдары және сенімге негізделген әңгімелесу сағаттарын өткізді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, өмірлік мысалдар арқылы зорлық-зомбылықтың зияны мен салдары жан-жақты талқыланды.

Сотталған азаматшалар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірдегі қиындықтармен күрес жолдарын бөлісті. Олардың айтуынша, мұндай шаралар ішкі күйзелістен арылуға, болашаққа сеніммен қарауға көмектеседі.

Мекеме әкімшілігі мұндай тәрбиелік және әлеуметтік бағыттағы шаралар азаматшалардың оңалуына, рухани дамуына және қоғамға қайта оралуына оң ықпал ететінін атап өтті.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...