12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соттағы ізденістер мен іргелі істер

Мемлекеттің үздіксіз қолдауы мен қамқорлығының арқасында отандық соттың қол жеткізген жетістігі аз емес. Сот саласының тәуелсіздігі нығайып, соттарға деген сенім жыл өткен сайын жақсарып келеді. Бұрынғы сот пен бүгінгі соттың арасы жер мен көктей. Оны басқа емес, соттың бүгінгі материалдық-техникалық жағдайына қарап-ақ бағамдауға болады.
Мәселен бұрын сотта қызмет еткен аға буын ескі, тозған ғимараттарда жұмыс істеп, қауіпсіздік сақталмаған сот залдарында төрелік жасады. Ал қазір әр судьяның жеке жұмыс кабинеті бар. Сот залдары толық дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталған. Қауіпсіздік талаптары жоғары деңгейде сақталған. Соның арқасында судьялар мен сот хатшыларының да жұмысы айтарлықтай жеңілдеді. Бұрынғыдай қолмен сот үкімдерін жазу, хаттама толтыру, қағазбастылықтың дәуірі келмеске кетті.
Бұған қоса, заңнамалар жаңғыртылып, сот корпусына сауатты, білікті кадрларды тартуға қадамдар жасалды. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талап күшейтіліп, кездейсоқ жандарға сот төрелігіне алынуына тосқауыл қойылды. Соттарды мамандандыру, сот сатыларын оңтайландыру, сот төрелігіне алқабилер институтын енгізу, соттың балама тетіктері ретінде медиацияны қолдану, жаңа технология жетістіктерін пайдалану бойынша қолға алынған бастамалардың игілігін бүгінде халық көріп отыр.
Мұндай жаңа реформа, соны бастамалардың қоғамнан қолдау тауып, халықтың көңілінен шығып отырғаны сот құрылымындағы әр судья мен әр сот қызметкерінің жанкешті еңбегінің жемісі. Қазір қазақстандықтар ғана емес, біздің елдің сот жұмысымен танысқан халықаралық сарапшылар да бүгінгі жетістіктерімді жоғары бағалайды. Жас мемлекеттің сотындағы іргелі істерге қатысты шетелдік әріптестердің пікірі әрдайым оң. Осының бәрі мемлекеттің қолдаы мен ұжымның бірлігі мен еңбекқорлығының, ізденгіштігінің нәтижесінде қалыптасты.
Республика судьяларының ХІХ съезіне қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та соттардың қызметін жоғары бағалап, бұл саланы одан әрі жетілдіруге басты назар аударып отыр. Яғни, сот реформасын тиімді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Б.Даулетова,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының судьясы

Полиция бір тәулікте қарызы бар 15 көлікті анықтап, айыптұраққа қойды

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол апаттарының алдын алу,...

Полицейлер 400 келіге жуық есірткі тәркіледі

Полиция Түркістан облысының аумағында "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы...

В области Жетысу внедрили новый метод лечения рака

Врачи областной многопрофильной клиники при поддержке Управления здравоохранения области...

Жетісу облысында қатерлі ісік ауруын жаңа әдіспен емдеуді қолға алды

Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Облыстық көпсалалы клиника...

Алматы облысында алғашқы донорлық операция жасалды

2025 жылдың қаңтар айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Алматы...