spot_img
spot_img

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше кеңінен қолданып келе жатқан мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ең үздіктерінің бірі десек, еш артық айтқандық болмас.

 Өйткені бүгінгі күні қарапайым бұқара халық бұрынғыдай сот мекемелерінің табалдырығын тоздырмай, кез келген өзіне қалаулы уақытта электронды интернет жүйесі арқылы өз істерінің қай сатыға келгенін, оларды қарау тәртібімен және сотқа келмей-ақ өз арыз-шағымдарын тіркеуге мүмкіндіктері бар.

Бүгінгі күні сот жүйесіндегі жаңашылықтардың бірі электронды талап-арыз сотқа Электронды Үкімет порталы арқылы (www.egov.kz) беріледі. Ол үшін арнайы берілген үлгіні толтырып, жауапкердің тіркелген немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық (қалалық немесе оларға теңестірілген) сот таңдалып, арыз мазмұнын, істің дәрежесін көрсету қажет.

 Үлгіні толтырған соң, талап қоюшы электрондық құжат нысанында талап-арыздың және құжаттардың басқа да көшірмелерін қоса тіркеп, талап-арызға өзінің электронды-сандық қолтаңбасын (енді — «ЭСҚ») қояды, одан соң талап-арыз  сотқа жолданады. Бұл электрондық нұсқада берілген талап-арыз сотқа жіберілген соң, бірер минутта (шамамен 20-30 минут ішінде) ол тиісті сотқа түсіп, тіркеуге алынады. Осы талап-арыз тиесілі сотта тіркелген сәтте, талапкерге (немесе арызданушыға) электрондық бақылау жүргізуге логин мен пароль беріледі, яғни оған жолданады.

Еліміздің Жоғарғы Сотының ресми сайтында осы логин мен парольді енгізіп, іспен ыңғайлы таныса алады. Электрондық талап-арыз көшірмелерін тіркегеннен кейін ол сотпен қаралып, қабылданғаны немесе кейін қайтарылғаны туралы хабарлама арыз иесіне электрондық портал арқылы немесе SMS хабарлама арқылы ескертіледі. Сонымен қатар бәрімізге белгілі еліміздің осы барлық соттарында 2013 жылдың 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында аталған іс жүргізу бойынша электрондық бақылауды енгізу бойынша пилоттық жоба қолға алынған болатын. Оның негізгі мақсаты, сот істері мен материалдарға қатысты сот ісіне қатысушыларға ақпарат алуға ыңғайлы бірыңғай және біртектес механизм құру болып табылды.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» мүмкіндікті молайтуда.Қазақстан судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Жоғарғы сот «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.

Бұл «кабинет» – сот құры­лымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақ­сатында жасалып отыр. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өті­ніш беруге, мемлекеттік баж салы­ғын онлайн режімде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісі­не қатысты барлық құжатты қада­ғалап отыруға болады.

Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүм­кіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік плат­формасындағы «Сот каби­не­ті» мобильдік қосымшасы –  IOS, Android  және Windows Phone мобильдік қосымшасы сер­вис­терінің интерфейстерін сипаттайды.

Сөз соңында біздің айрықша айтқымыз келгені, осындай үдерісті және қарқынды даму жолында еліміздің ары қарай қарыштап дамуы үшін электронды модельге көшу біз үшін де және ел үшін де аса қажеттілік деп есептейміз. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Интеграциялық заман талабына сай Қазақстан елін құруымыз керек және сол жолда елдің бүкіл азаматтары жақсы атсалысып, оған өз үлестерін әрдайым тигізуі қажет» делінген болатын.

   Н.Қ. ЕРКІНБЕКОВ

                          Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты кеңсесінің бас маманы – сот отырысы мәжілісінің хатшысы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...