12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа жүгіну тәртібі заңмен белгіленген

Соттар өз қызметін сот төрелігінің қағидаттарына сай атқарады. Жалпы алғанда сот төрелігінің принциптеріне қызметтің ұйымдастырылуы, мән- мазмұнын анықтауда басшылыққа алынатын идеялар мен ережелер жатады. Конституцияда нақтыланғандай, заңды күшіне енген сот үкімі шықпайынша адам кінәлі саналмайды. Сондай-ақ, бір құқық бұзушылық үшін ешкім қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылмайды. Әрі азаматтың заңмен көзделген соттылығын өзінің келісімінсіз ешкім өзгерте алмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Бұдан өзге принциптер Ата Заңмен айқындалған,  сондай-ақ, олар Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

Енді сот жүйесі туралы заңда бекітілген принциптерге келсек, бұған заңдылық, сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы, судьяларды сайлау мен тағайындау, судьялардың тәуелсіздігі, кінәсіздік презумпциясы, т.б. жатады. Соттың азаматтық істер бойынша шешімдерін тиісті соттар АПК-да көзделген тәртіппен тексеріп, қайта қарайды. Соттарға әрбір адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін заңда белгіленген тәртіпте жүгінеді. Талап қою арызы жазбаша немесе электрондық құжат түрінде беріледі. Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңмен немесе шартпен көзделсе, онда сотқа осы тәртіп сақталғаннан кейін ғана жүгінуге болады.

Жоғарыда аталған қағидаттар істерді қарау процесінің тәуелсіздігі мен әділдігін қамтамасыз етеді. Мәселен, кінәсіздік презумпциясы бойынша әрбір айыпталушының кінәсі белгіленген тәртіпте дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептеледі. Әрбір Қазақстан азаматының әділ сот талқылауына құқығы бар, соған сәйкес қорғану, өз құқықтары мен айыптары туралы ақпаратқа қол жеткізу, куәлардың қатысуы мен жауап алу құқығы кіреді.

Азаматтық іс жүргізуде жеке меншікке қол сұғылмайды. Талап қоюды қамтамасыз ету қажет болған жағдайда мүлікке тыйым салу АПК-да көзделген тәртіпте жүргізіледі. Сот процесінің қатысушылары сот шешімімен келіспесе немесе оның әділдігіне күмән келтірсе, апелляциялық тәртіпте шағым бере алады. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі. Айтып өтерлігі, апелляциялық өтінішхат келтіруге істі қарауға қатысқан прокурор да құқылы. Заңды күшіне енген сот  актілері мен өзге де қаулылардың ел аумағында міндетті күші Конституциямен бекітілген.

Тағы бір тоқталарлығы, заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер талабы Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарға қайшы келсе, сот ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға, соған орай, ол актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске өтініш жасауға құқылы. Қазақстандықтар құқық нормалары мен заң­ талаптарынан ұдайы хабардар болуы үшін оларды ақпараттандырудың маңызы зор.

Қарлығаш Сарсенова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

КазНУ имени Аль-Фараби: 90 лет лидерства, знаний и международного сотрудничества

В 2024 году Казахский национальный университет имени Аль-Фараби отмечает...

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету – елдік іс

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын бастыбелгілердің бірі. Қазақстан Республикасының...

Елдің өркендеуі жүйе жұмысын жаңа деңгейге көтерді

Тәуелсіздік таңы атқалы 33 жыл болды. Осы жылдар ішінд...

Электрондық сервистердің ауқымын кеңейтуге басымдық берілуде

Сот әкімшілігі – сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, сапалы атқарылуына...

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...