12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа жүгіну механизмдері

Азаматтар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінеді. Сотқа жүгіну әрбір азаматтың заң бұзылған жағдайда әділеттілікті талап етуіне, өз құқықтарын қорғауына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Конституцияның 13-бабына сәйкес, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және Қылмыстық процестік кодексінде егжей-тегжейлі реттелген.

Сотқа жүгіну процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар және әрбір іс қаралатын сот ісінің түріне байланысты жүзеге асырылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгіну тәртібін реттейтін жүйе азаматтық сотқа жүгіну механизмімен жүзеге асырылады. Азаматтық істер көбінесе жеке тұлғалар арасындағы немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы мүліктік, отбасылық, еңбек, шарттық, мұрагерлік даулар және басқа да азаматтық дауларды шешуге қатысты сотқа беріледі.

Сотқа жүгіну арыз беруден басталады. Арыз жазбаша түрде берілуі тиіс және онда даулы тараптардың деректері, талаптардың мазмұны мен мәні, даудың мән-жайлары мен заңдық негіздемесі, талап етілетін құқықтық талаптар (мысалы, мүлікті қайтару, моральдық залалды өтеу, шарттың бұзылуы және т.б.) көрсетіліп, арызға қосымша құжаттар мен дәлелдемелер (келісімшарттар, хаттамалар, куәліктер, айғақтар) тіркеледі.

Сотқа арыз түскеннен кейін сот судьясы істі қарауға қабылдап, істі қарауға дайындау кезеңінде тараптарға сотқа келу туралы хабарламалар жібереді, дәлелдемелерді сұратады, қосымша құжаттарды талап етеді.

Бұл кезеңде тараптар сотқа өз дәлелдерін және қарсы дәлелдерін ұсынады, сонымен қатар қосымша куәгерлер немесе сараптамалар шақырылуы мүмкіндігі беріледі. Сот талқылауы барысында тараптар өз құқықтарын қорғайды және өз талаптарын негіздейді. Сот талқылауынан кейін судья азаматтық іс бойынша шешім шығарады. Шешімде талаптарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту, мүліктік немесе моральдық шығындарды өтеу, құқықтарды қалпына келтіру туралы шешім шығарылады.

Әкімшілік сотқа жүгіну механизмі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (ӘРПК) реттеледі. 

Әкімшілік сотқа негізінен, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, әкімшілік органдардың шешімдеріне немесе әрекетсіздігіне шағым түсіру үшін жүгінеді. 

ӘРПК бойынша, әкімшілік актілерге қатысты сотқа дейінгі міндетті шағымдану рәсімібар. Шағым әкімшілік органның өзіне немесе жоғары тұрған органға беріледі. Егер сотқадейінгі шағымдану оң нәтижеге әкелмесе немесе қаралмаған жағдайда, азамат немесе ұйымәкімшілік сотқа шағымдана алады. 

Сот шағымды қабылдағаннан кейін әкімшілік іс қаралады. Бұл кезеңде тараптар өздәлелдерін келтіріп, әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға өзінің әрекеттерін немесешешімдерін негіздеуі тиіс.

Сот әкімшілік істі қарау нәтижесінде әкімшілік актінің күшін жою, әкімшілік органныңшешімін немесе әрекетін заңды деп тану, мемлекеттік органға нақты іс-әрекеттер жасау туралыміндеттеме жүктеу туралы шешім қабылдайды. 

Әкімшілік сотқа жүгіну механизмі азаматтарға өз құқықтарын қорғауда және мемлекеттікоргандардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне қарсы әділдік іздеуде маңызды құрал болыптабылады. Бұл механизм азаматтардың заңды құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік бередіжәне мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қылмыстық істер бойынша сотқа жүгіну тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі. Бұл тәртіп қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты азаматтардың құқықтарын қорғау және әділдік орнату үшін жасалған арнайы механизмдерді қамтиды.

Қылмыстық істерді қарау қылмыстық құқық бұзушылық туралы құқық қорғау органдарына немесе прокурорға арыз беру, қылмыстық істі қозғау, сотқа дейінгі тергеу, қылмыстық істі сотқа беру, сот талқылауы, үкім шығару кезеңдерінен тұрады.

Арыз немесе хабарлама бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізеді. Егер қылмыс белгілері бар болса, қылмыстық іс қозғалады. Істі қозғау туралы қаулы қабылданғаннан кейін, сотқа дейінгі тергеу басталады.

Бұл кезеңде тергеушілер немесе анықтаушылар қылмыстық істі жан-жақты зерттеп, күдіктілерді анықтап, дәлелдемелер жинайды. Сотқа дейінгі тергеу барысында айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделері қорғалады, адвокаттың қатысуы қамтамасыз етіледі. Тергеу аяқталғаннан кейін, тергеуші немесе прокурор айыптау актісін немесе қорытындысын дайындап, қылмыстық істі сотқа жібереді. Іс соттың қарауына берілгеннен кейін, сот отырысының уақыты мен орны анықталады.

Сот талқылауы соттың тікелей қатысуымен өтеді. Бұл кезеңде прокурор айыптауын дәлелдеп, қорғаушы жақ айыпталушыны қорғау үшін өз дәлелдерін келтіреді. Сот істі толық зерттеп, куәларды, дәлелдемелерді қарастырады. Барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді зерттегеннен кейін сот үкім шығарады. Үкім шығарылғаннан кейін, егер оған апелляциялық шағым түспесе заңды күшіне енеді.

Қылмыстық істер бойынша сотқа жүгіну тәртібі осылай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, бұл заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған механизмдерді қамтиды.

Әскери сотқа жүгіну механизмі жалпы сотқа жүгіну тәртібіне ұқсас, бірақ белгілі бір ерекшеліктері бар. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әскери соттар әскери қызметшілердің және басқа да заңмен көзделген тұлғалардың қатысуымен туындаған істерді қарайды.

Әскери сотқа әскери қызметшілер, әскери қызметке байланысты құқықтары мен мүдделері бұзылған тұлғалар, мүдделері әскери қызметке қатысты мемлекеттік органдар немесе заңды тұлғалар жүгіне алады. 

Іс әскери сотта жалпы тәртіппен қаралады, алайда сот іс жүргізу кезінде әскери құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ескереді.

Әскери сотқа жүгінудің нақты механизмі мен тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде, Азаматтық іс жүргізу кодексінде,  Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Әскери соттар туралы арнайы заңдарда қарастырылған. 

Сот актісімен келіспеген тарап апелляциялық немесе кассациялық шағым беру арқылы шағымдана алады. Бұл сот жүйесінде әділдік пен заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ететін маңызды тетік болып табылады.

Апелляциялық шағымды қарау барысында сот істің материалдарын қайта қарап, төменгі сатыдағы соттың шешімін өзгерте алады, күшін жояды немесе күшінде қалдыра алады.

Кез келген Сот актісі құқықтық салдар туғызады және оны заңды күшіне енген соң барлық тараптар орындауға міндетті. Сот актісі орындалмаған жағдайда, тиісті орындау шаралары қолданылады.

Сотқа жүгіну механизмдерінің айқын және нақты реттелуі азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттырады. Бұл механизмдер құқықтық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сот ісін жүргізудің әрбір кезеңінде азаматтардың өз құқықтарын қалай жүзеге асыруға болатынын анық көрсетеді. Құқықтық рәсімдердің ашық әрі түсінікті болуы азаматтарға сот жүйесіне сенім артуға мүмкіндік береді.

Бекболатова Балжан Серикбаевна, гарнизонының әскери сот әкімшісінің бас маманы

Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ерекшеліктері

Қазіргі жағдайда мемлекеттік билік органдары мен азаматтар және ұйымдар...

Волонтёры Алматы поздравили ветеранов МЧС с Днём гражданской обороны

         1 марта отмечался Всемирный день гражданской обороны, и в  этот день...

Алматы волонтерлері ТЖМ ардагерлерін Азаматтық қорғаныс күнімен құттықтады

         1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні  Алматы қаласының волонтерлері Төтенше...

Победы досугового центра «Турксиб» на Открытом чемпионате Алматы по дзюдо

         Ученики досугового центра «Турксиб» приняли участие в Открытом чемпионате...

«Түрксіб» демалыс орталығының шәкірттері Алматы қаласының ашық чемпионатында жеңіске жетті

«Түрксіб» демалыс орталығының шәкірттері Алматы қаласының жасөспірімдер арасындағы ашық дзюдо чемпионатына қатысып, жоғары...