12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа істі әзірлеу

Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы іс қозғалғаннан кейін сот процестің келесі бөлімі, яғни істі сотта қарауға әзірлеу саласына өтеді. Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер, істі соттың талқысына тағайындау және сот хабарлаулары мен шақырулары тұжырымдамамен сипатталады. Сотта істі қарауға әзірлеуді  жүзеге асыру туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақытылы шешудің  негізгі шарттарының бірі. Сотта  іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкестігі ұйғарым қабылдаудан  басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге  тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты – істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.

Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әр түрлі. Судья заңнамен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде түрде әзірденбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады. Істерді қарап, талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізіледі және іс жүргізу кодексіне сәйкес ұйғарым шығарады. Мына жағдайды ескерген жөн, егер жоғары тұрған сот төменгі тұрған сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Істі сот талқылауына дайындау кезеңі — бұл мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған сот процесіне қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерінің жүйесін қамтитын тәуелсіз кезең.

Еганова Елена Владимировна, Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...