Сот жұмысын жандандыруда жасанды интеллект көмегі көп

Жаңа технология сот саласына жаңа серпін берді. Осы жаңашылдықтардың арқасында соттың ашықтығы, жеделдігі, қолжетімділігі артты. Мұндай бастамалар кезінде істерді судьяларға автоматты түрде бөлуден басталған болатын. Бұл жоба өзінің тиімділігін көрсеткен соң, барлық деңгейдегі қазақстандық соттарда істерді бөлудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді, ол судьялардың жұмыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Цифрландыру және сот төрелігіне қол жеткізу. Қазақстан халықтың кемелерге цифрлық қолжетімділік деңгейі бойынша әлемде төртінші орында тұр. Қазақстандықтар Face ID және Touch ID көмегімен үйден немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа жүгініп, құжаттарды электронды түрде бере алады.Сот құжаттарын дайындауда қағазбастылық жойылып, электронды көрсетілетін қызметтер аясы кеңейді. Бүгінгі оноайн соттар да сол жаңа технология жемісі.

Қазақстандық сот бұл жетістіктермен тоқтап қалмақ емес. «Тосылған судың тұнығы болмайды» демекші, ізденбеген, жаңғырмаған салада да дамудың болмайтыны түсінікті. Ал сот құрылымының басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда жаңашылдыққа бейім, соны ізденістердің көшбасшысы екені ешкімге жасырын емес. Бұл жолы да сот саласы жасанды интеллект көмегімен судьялар қызметін жеңілдетуге, азаматтардың әуре-сарсаңын азайтуға, сотқа деген сенімді нығайтуға басымдық беріп отыр.  

Мәселен Қазақстанда 2022 жылы азаматтық істерді қарау үшін роботтық жүйе енгізілді. Осы бір жыл ішінде робот алимент өндіру бойынша 126 мың материалды тіркеген. Мұндағы жасанды интеллектінің көмегі неде? Ең алдымен робот бірдей істерді топтастырып, олар бойынша қандай заңдарды қолдану туралы болжам-ұсыныс жасауымен құнды. Әрине, робот қателесуі, қандай да бір техникалық ағаттық жіберуі мүмкін. Бірақ, істегі соңғы нүктені судья қоятындықтан, оған дейінгі қадамдарды роботтың жасауы сот сапасына ешбір кедергісін тигізбейді. Керісінше бірдей істерді жинақтап судья қарауына ұсыну заңды қолдануда біркелкілікті қамтамасыз етудің, қателік жасамаудың алғышарты саналады.

Сотқа енгізілген жасанды интеллектің ізгілігі аз емес. Ол негізінен ортақ жүйедегі істердің санатын анықтауға, ұқсас істерді іздеуге, барлық соттардағы жағдайды бақылауға, сот шешімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтауға және азаматтық істердің нәтижесін болжауға бағытталған. Жасанды интеллект ұсынған ұқсас істер бойынша сот практикасы судьялардың уақытын ұтымды пайдаланып, керекті мәліметтерді бірден таразылауына көмектеседі.

Б.Амиркулов,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...