12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі өзгерістер саланы алға сүйреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің реформаларында биліктің сот тармағын жетілдіру үшін түбегейлі жаңа әдістер мен жүйелер енгізу керектігін бірнеше рет атап өткен болатын.

«Сот реформасы – бұл құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі, инвестициялық тартымдылықтың негізі, жекеменшік құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуды, қоғамның соттарға деген сенімін арттыруды, сот төрелігін іске асыруға жаңа кәсіби кадрларды тартуды ынталандыруды, сот процесінің ыңғайлылығы мен тиімділігін көтеруді қамтамасыз етуі тиіс», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сондықтан сот жүйесіндегі реформа бүгінгі күні басты күн тәртібіндегі мәселе болып отыр. Сот жүйесіндегі өзгерістерді айтқанда электронды сот қызметін атап өту маңызды.

Өйткені Электронды сервистерді енгізу сот ісін жүргізуді едәуір жеделдетіп, сот жүйесінің ашықтығын арттырды. Сондай-ақ  азаматтардың шығындарын азайта отырып сот процесіне жылдам қол жеткізуге септігін тигізді. Сот жүйесіндегі IT қызметтердің  мақсаты – азаматтар мен соттар арасында тиімді коммуникация құру, іс жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарды болдырмау, қоғам тарапынан соттарға деген сенімді арттыру. IT-технологияларды пайдалану сот ісін жүргізудің әдеттегі процесіне жұмсалатын уақыты едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Реформалар процестердің ашықтығымен қатар, сот жүктемесі мәселесін шешуге де бағытталған. Мәселен, сотта күніне ондаған іс сұрыпталады. Бұл өз кезегінде судьялар жұмысының күрделі екенін көрсетеді. Қазіргі таңда сот жүйесіне енгізілетін өзгерістер судьялардың жүктемесін жеңілдетуге бағытталып отыр.

Жалпы, сот жүйесіндегі реформалар, ең алдымен, халықтың судьяларға деген сенімін арттыруға бағытталған. Президенттің ұсыныстары негізінде тәжірибелі мамандарға баса назар аудара отырып, кадрларды жаңа іріктеу, процесті жеңілдететін және адами факторды жоятын жаңа технологияларды енгізу, сот төрелігінің ашық алаңын құру жұмыстары бүгінде біртіндеп іске асырылып жатыр. ҚР Ұлттық даму жоспарына көз жүгіртсек, алдағы бірнеше жылда отандық сот жүйесін толық трансформация күтіп тұр. Сондықтан еліміздің сот жүйесі заман сұранысына сай дамып жатыр деп айта аламыз.

Қалима Дуамбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...