Сот жүйесіндегі өзгерістер: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды. Құжат «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 23 судья қызметінен босатылған. Соның ішінде:

  • 9 судья – отставкаға кетуіне байланысты;
  • 6 судья – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты;
    2 судья – қайтыс болуына байланысты;
  • 2 судья — тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметтен босату қажет екені туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
  • 1 судья – өз өтініші бойынша;
  • 1 судья – басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
  • 1 судья — зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
  • 1 судья — судьяның кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімі бойынша.

Әр өңірде 92 адам судьялық қызметке орналасты.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.