12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесінде қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен міндет

ҚР Президенті судьялардың съезінде «Әділетті және сатылмайтын сот – демократиялық және құқықтық мемлекеттің ең маңызды негізі» деп түртіп айтты.

Судья қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарауда адам тағдырына араласып, билік айтып шығарған әділ шешімді адамгершілікпен, ізгілікпен іске асырады.

Ал, сот жүйесінде қызмет ету – бұл елдегі құқықтық тәртіп пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі ең маңызды салалардың бірі. Сонымен бірге мемлекеттің билік құрылымдарының маңызды тармағы болып саналады және қоғамдағы тәртіп пен құқық үстемдігін сақтауда шешуші рөл атқарады. Бұл салада қызмет ету үлкен жауапкершілік пен міндеттілікті талап етеді. Өйткені әрбір сот қызметкерінің әрекеті қоғамның заңға деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Сондықтан сот қызметкері өз жұмысына аса ұқыптылықпен қарап, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, заң үстемдігін нығайтуға белсенді атсалысады. Сот жүйесінде дұрыс шешім қабылдау үшін тек заңды білу жеткіліксіз, сонымен қатар әділдікке бейтарап көзқараспен қарап, қоғамның моральдық-этикалық нормаларын ескере отырып әрекет етуі маңызды.

Осы салады қызмет ететін мамандардан жоғары біліктілік пен терең білім талап етіліп, өзінің біліктілігін үнемі арттырып, кәсіби дамуын жалғастыруы керек. Әрбір сот қызметкері қоғамның сеніміне ие болу үшін өз лауазымын жеке мүдде үшін пайдаланбауы керек.

Сот қызметкері өз ісінде адал, тәуелсіз және бейтарап болуы қажет. Олардың тәуелсіздігі – сот жүйесінің әділдігі мен заң үстемдігінің кепілі.

Әсіресе, сот әкімшілігіне жауапты басшылардың рөлі айрықша маңызды. Олардың кәсіби деңгейі мен басқару дағдылары сот процесінің дұрыс және әділ өтуіне тікелей әсер етеді. Қызметкерлердің біліктілігін көтеру, заманауи талаптарға сай келетін кадрларды даярлау және сот ісінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету – олардың басты міндеттері.

Сот жүйесінде қызмет ету – бұл қоғамға қызмет ету, әділеттілік үшін күресу және заңның үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы тұрақты еңбек.

Айгүл Тойғамбаева, Алматы қаласы Әуезов аудандық соты Әкімшісінің басшысы

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...