12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот — кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура төрелік жасайтын мәртебесі жоғары орган. Халқымызда «Әділ бидің елін дау араламайды, Әділ патшаның елін жау араламайды» деген мақал қара қылды қақ жарып, әділін айтатын билердің қадірін айғақтап тұрғандай.

Ал, бүгінгі судьялар осы билердің ізін жалғастырып, даулар мен істерді таразылау, үлкен жауаптылықпен төрелігін айту сот жүйесіне, судьяларға жүктелген.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының                  ІХ съезінде: «Әділ сот мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс. Заң мен Тәртіп — әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды, – деді.

Еліміздің жүйесі түбегейлі өзгерістер мен бірқатар кешенді реформалануды жүзеге асырып, халықаралық стандарттарға сәйкес маңызды қадам жасап келеді.

2023 жылы еліміздің кәсіпкерлерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әкімшілік әділетті күшейтіп, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті. Осының негізінде 2025 жылдың 1 шілдесінде аппеляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот құрылады.

Кассациалық сот дегеніміз – бұл жоғары сот инстанциясы, оның басты мақсаты – сот шешімдерінің заңдылығын қайта қарау болып табылады.

Елімізде сот шешімдері аппеляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қаралады. Қазіргі таңда Жоғарғы Соттағы кассациялық алқада істер Жоғары Сот төрағасының ұсынуы бойынша және ҚР Бас Прокурорының наразылығы бойынша жүзеге асырылады.

    Президент тапсырмасына сәйкес құрылатын сот жүйесіндегі жаңа модель — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, олардың құқықтарын қорғауға оң әсер ететін болады. Сонымен қатар, сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Заңнамалық түсіндірмелер беріп, құқықтық мәдениетті дамытуда маңызды рөл атқарады.

Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясы Астана қаласында құрылады. Сот процесінде екі тараптың мүддесі қозғалғаннан кейін, шешімге қанағаттанбаған тараптың наразылығы болуы мүмкін. Осы жағдайда кассациялық сотқа соттың қаулысына қанағаттанбаған тараптар аппеляциялық алқадан кейін шағымдана алады. Бұрын  кассациялық шағымдар тікелей жоғарғы сотқа берілсе, енді жаңадан құрылатын институттың  міндетіне жатқызылады. Бұл сот жүйесі — төменгі органдар шығарған сот шешімдерінің нормаларын сақталуына баса назар аударып, заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуін қадағалайды, соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді. Яғни, төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сот оның күшін жойып, істі жаңадан соттың талқылауына жіберіп немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін. Өз кезегінде шешімдердің сапасын арттыра отырып, заңдардың дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік болмайды. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.

Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Кассациялық тәртіптегі істер үш судьядан құрылған алқаға жолданып, алты айдан аспайтын мерзімде қаралады. Сот талқылауы тараптардың қатысуымен ауызша өткізіледі. Сот процесінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың сенімін арттырып, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға  мүмкіндік береді.    

Жаңа сот институтының құырлуына қатысты Мемлекет басшысы: «Қазір оған қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу маңызды. Кассациялық соттардың кадрлық құрамы тәжірибелі судьялардан жасақталуы керек. Кассациялық соттардың дербестігі азаматтарымыздың сот төрелігіне қолжеткізуіне мол мүмкіндік беріп, инвестиция тартуға, бизнес жүргізуге оңтайлы жағдай жасайды. Ең бастысы, бұл әділдік қағидаттарын және құқық үстемдігін толық жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қадам Жоғарғы Соттың жүктемесін азайтады», — деген болатын.

Осыған сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына толықтырулар енгізілді.

Мәселен, Конституциялық заңның 29-бабының 4-1 тармағында конституциялық соттың судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды көрсетілген. Яғни, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі немесе кемінде сегіз жыл судьялық жұмыс өтілі, оның ішінде облыстық сотта кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат кассациялық сот судьясы бола алады.

        Ал, аталған заңның 30-бабында кассациялық соттардың төрағалары бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, кассациялық сот судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі, оның ішінде облыстық сотта кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылатындығы көрсетілген.

Мамандығы адам тағдырымен тікелей байланысты – судьяның көтер жүгі жеңіл емес.  Халқымызда «Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары бар» дейді. Еліміздің сот жүйесіндегі барлық оң өзгерістер мен жаңашылдықтар ел сеніміне ие болып, халық үмітін ақтау үшін аянбай енбек етеді деп сенемін. 

ТОҒЫЗБАЕВА Меруерт Қожабекқызы

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...

ӘРПК-дағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Кез келген даудың сотсыз бітуі азаматтар мен сот үшін...

Абыройы асқақ тұлға

Бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз, еңбегімен танылған, ұрпаққа...

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...