12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі жаңғыртулар жалғасады

           Сот жүйесі жаңа реформалардан, игі бастамалардан кенде болып отырған жоқ. Мұның бәрі азаматтардың сот жұмысына қатысты жоғары талабы мен қоғам қажеттілігіне байланысты қолға алынуда. Заман алға жылжыған сайын, соттың да қоғамның даму көшінен қалмауы маңызды. Осыған орай, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында, әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын республика судьяларының съездерінде үшінші билік жұмысын жандандыруға ықпал ететін жаңашылдықтар бағдар ретінде ұсынылып келеді. Соңғы жылдары қолға алынған жаңғыртулар ең алдымен сот корпусына мықты кадрларды іріктеу тетігін жандандыруды, сот шешімдерінің сапасын арттыруды, сонымен бірге салаға ақпараттық технология игіліктерін көбірек тартуды мақсат етті.

           Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіліп, салаға ең мықты, ең білікті мамандардың іріктелуіне жол ашылды. Екіншіден, сот актілерінің сапасын ғана емес, оның қарапайым халыққа түсінікті болуына да ерекше назар аударылды. Соның арқасында судьялар сот ісіне қатысты шешім шығарып қоймай, оның негізділігін саралап, мұндай қорытындыны неге сүйене отырып жасағанын жан-жақты түсіндіруі міндеттелді. Сот актілерін ұғынықты жеткізу тараптардың өз қатесін білуіне ықпал етті, соған орай жоғары сатыларға шағымданушылар қатары азайды.

           Әсіресе, сот төрелігі алаңына ең алдыңғы қатарлы HR-құралдардың енгізілуі сала жұмысына айтарлықтай серпін берді. Сандық технологияның сот жүйесіне енгізілуі азаматтарға көрсетілетін қызметтің жеделдігін арттырды, барынша ашық, қолжетімді ете түсті. Жаңа технология жетістіктері төтенше жағдай тұсында сот жұмысын кедергісіз жүргізуге көмектескенін айта кеткен жөн. Ковид індетіне байланысты бүкіл әлем әбігерге түсіп, еліміздегі мемлекеттік органдар жұмысы ақсап тұрған тұста отындық соттың үзіліссіз, кедергісіз сот процестерін өткізуі тек осы жаңа технология жетістіктерінің арқасында мүмкін болды. Сот процестерін онлайн форматқа көшіру азаматтар қауіпсіздігін сақтауға көмектесіп, елімізде індеттің таралуына тосқауыл қойды. Бүгінде адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік құрылым өкілдері мен қарапайым азаматтар онлайн сот отырысына қатысудың артықшылығы мен игілігіне тәжірибе барысында көз жеткізіп жүр.

           Онлайн сот отырыстары азаматтарды үйінде, шетелде жүріп куәлік етуіне мүміндік берді. Соның ішінде уақытша ұстау изоляторында, түзеу мекемесінде отырған азаматтарды енді сот ғимаратына әкелудің қажеті болмай қалды. Бұрын сотталғандарды түзеу мекемесінен сот отырысына тасуға арнайы мамандар жұмылдырылатын. Жол шығынына мемлекеттен біраз қаражат бөлініп,  қауіпсіз мәселесіне қатысты да алаңдаушылық туындайтын еді. Енді сотталушылар сот отырысына қашықтан қатысқандықтан, жолға қаржы мен уақыт кетірудің, сот залындағы азаматтардың қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеттілігі жоқ.

           Мұның барлығы Сот төрелігінің жеті түйіні бағдарламасы бойынша атқарылған игі істер. Смарт-сот жобасы шеңберінде жүзеге асқан жаңашылдықтар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бауыржан Шанкереев,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...