12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесін цифрландырудың маңызы зор

Бүгінде сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында іске қосылған электронды технологиялардың нәтижесінде соттағы бітпейтін кезектер жойылып, қағаз, қаламмен тіркелетін құжат айналымын электронды жүйелер толығымен алмастырды. Төтенше жағдай орай енгізілген карантиндік жүйе кезінде де азаматтардың қауіпсіздігі үшін соттар мобильді құрылғылардың көмегімен сот істерін қашықтан қарап жатыр. Карантинге дейін елімізде күніне 150 сот отырысы қашықтан өткізілетін болса, қазір бұл көрсеткіш 30 есе артып, 4500-ге жеткен.

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында да Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев қашықтықтан жұмыс істеу форматының сәтті іске асуы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде IT-технологияларды қолданудың тиімділігін атап өткен болатын. Жинақталған оң тәжірибені ескере отырып, сот жұмысы онлайн режимде жалғасатын болады. Яғни азаматтарға сот процесіне қатысу үшін сот залына келудің қажеті жоқ. Цифрландыру бағдарламасы арқылы сот процесіне әлемнің кез келген түкпірінен онлайн қосылуға болады. Бұл жүйе арқылы азаматтар ең алдымен өзінің уақытын үнемдейді. Тек Қазақстан емес, әлемнің кез келген түкпірінен сот залына тікелей қосылуға мүмкіндік бар. Ісі қаралып жатқан кез келген тарап бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Әр адам онлайн сот отырысына компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон арқылы қатыса алады.

Бейнебайланыс орнату үшін осы құрылғыларыңызға «TrueConf” тегін қосымшасын  жүктеу  қажет. Бұдан  бөлек  WhatsApp, Skype  желілерін де қолданады. Сапалы байланыс жасау үшін мобильді 4 G интернет желісіне қосылуыңыз керек. Сот процесстерін қашықтан қарау өңір соттары қажетті барлық  техникалық  құралдармен  жабдықталған.Тек сотқа қатысатын өзге тарап та дәл осылай дайын болуы қажет. Сот процестерін онлайн түрде өткізу уақыт пен қатысушылардың қаржысын үнемдейді. Оның үстіне қазіргі уақыттағы   төтенше  жағдайға  байланысты  онлайн сот процестері адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрине, кез-келген жаңашылдық болған соң, өз қиындықтары да кездеседі. Сондықтан, бізде сот қызметін қамтамасыз ету үшін байланыс жүйесін дамытуға  барынша жағдай жасауда.

Сот төрелігін атқаруда қағазбастылықтан арылу мақсатында заманауи технологияларды қолдану арқылы біз соттардағы ашықтық пен жариялылыққа қол жеткізе аламыз. Осындай заманауи технологиялардың арқасында ашықтық пен жариялық салтанат құрған жерде әділеттің туы жығылмасы анық деп ойлаймын.

Жоламанова Мадина, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы.

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...