Сот жүйесі жабық корпорация болмауы керек — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қажет реформалар туралыайтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сапалы заңнама арқылы реформалар жүргізу — ұзақ мерзімді табыстың басты шарты. Жаңартылған депутаттық корпус бұл міндеттерді лайық орындайтынына сенімдімін. Азаматтардың құқықтарын қорғамай, әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Бұл шынымен аксиома. Осыған байланысты сот билігінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі реформаны аяқтауымыз керек.

Сот жүйесі жабық корпорация болмауы керек. Сондықтан сот жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, құқықтың түрлі салаларына мамандарды тарту қажет. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби тәжірибесін ғана емес, олардың жеке қасиеттерін де ескеру маңызды», — деді Тоқаев.

Президент мықты және инклюзив қоғам құрудың негізгі құралы тиімді әлеуметтік саясат екенін айтты.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...