12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесі дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты

Елбасы Республика судьяларының VI, VII съездерінде соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Сол тапсырмаларды орындау барысында сала жұмысы Жоғарғы Сот тарапынан тың жаңалықтармен толығуда. Өз кезегінде мұндай тың бастамалар, яғни, заманға сай енгізілген электронды сот төрелігі жүйе дамуына серпін беріп, сот өндірісінің жаңа қарқында сипат алуына ықпал етті. Жалпы айтқанда, электрондық форматқа көшу соттың қолжетімді әрі барынша жедел болуына мүмкіндік берді.

Мәселен, «Электронды үкімет» бағдарламасының шеңберінде іске қосылған «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде сот құжаттарының электрондық мұрағаты, ішкі портал, кадрлық жүйе, соттардың интернет-ресурстары, Call-центр, т.б. құжаттармен танысуға мүмкіндік беретін қызметтер біріктірілді. Мұндай халық игілігіне бағытталған шаралар ең алдымен жүйе қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етті.

Осы тұста айта кетерлігі, азаматтар «Сот кабинеті» арқылы электрондық талап арыз беруді кеңінен қолдануда. Себебі, бұл сервис пайдаланушылар үшін өте қолайлы. Әрі бюрократиялық кедергілерді болдырмайды. Ал, дыбыс-бейне жазба жүйесі деректерді орталықтандырылған сақтау мүмкіндігіне ие, олар сот отырысының қатысушыларына «Сот кабинеті» арқылы қолжетімді. Яғни, процеске қатысушылар дербес сот процесінің бейнежазбасын көріп, қажет болған жағдайда жазбаның көшірмесін түсіріп алады.

Саладағы тағы бір тың шара «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. Қазіргі таңда ел азаматтары «Виртуалды сот» пен портативті мобильдік гаджет арқылы сот отырысына қосыла алады. Соттар сот отырыстарына кететін уақытты, қаржыны үнемдеу, әділеттілікті сақтау мақсатында әрбір істі тараптардың келісімімен мобильді бейнеконференцбайланыс қосымшасы арқылы жүргізуде. ҚР Жоғарғы Сотының бұл сервисі халықтың шығынын азайтумен қатар, процестің дер кезінде өтуіне зор мүмкіндік тудырды.

Цифрландыруды сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңіне санаймыз. Онлайн тәртіпте адамдарға қолайлы жағдай туғызу халықтың соттарға деген сенімін арттырудың іргелі факторына айналды. Замануи технологияларды кеңінен қолданудың тиімділігі, әсересе, төтенше жағдай кезінде байқалды. Мысалы, карантин уақытында азаматтар өз құқықтарын соттарға келмей-ақ, қашықтықта отырып қорғауға қол жеткізді. Жұмыс барысында адаммен қарым-қатынастың болмауы сақтық шараларының маңызды факторы саналады. Төтенше жағдай кезінде ҚР Жоғарғы Сотының «Смарт сот» жобасы аясында «Онлаин татуластыру» сервисін іске қосуы да үлкен маңызға ие болды. Өйткені, осы қызмет сотқа жүгінушілердің сотқа келмей-ақ дауларды өзара келісіммен бітірулеріне жол ашты. Сот қызметінің ең басты міндеті – сот төрелігін уақтылы әрі сапалы түрде жүзеге асыру десек, айтып отырған оң қадамдар соның жарқын көрінісі. Бұған қоса озық ақпаратты технологиялар бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда пәрменді құралға айналды.

Тұңғыш президенттің тағы да сол VII съезде айтқан «Барлық құқық қорғау жүйесін реформалаудың маңызды буыны сот билігі болып табылады, оны жаңғыртпай басқа іс шаралар жұмыс істемеуі мүмкін» деген сөзін еске алсақ, отандық сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижелері сот төрелігі жұмысын жаңғыртудың дұрыс даму жолында екеніміздің айғағы. Дегенмен, әлі де атқарылатын жұмыстар жетерлік, сондықтан, Елбасының Ұлт Жоспарында және Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған талаптарды атқару тек сот жүйесі үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін қойылған міндет. Бұл халықтың сотқа деген сенімімен қатар, қызмет сапасына да ризашылығын арттырары хақ.

Рамшит АБДИКАНИЕВ,

Медеу аудандық соты кеңсе

меңгерушісінің міндетін атқарушы

Алматы қаласы

Судья көмекшілерінің көмегі көп

Сот жұмысын жандандыратын, судьялар жұмысын оңтайландыратын бастамалар аз емес....

Медиацияның тиімді тұсы көп

Елде даудың көбеюі халықтың бірлігіне салқынын тигізеді. Дау артқан...

Дербес кассациялық соттар – азаматтар сенімінің кепілі

Азаматтар өз құқығы мен бостандығының мінсіз қорғалғанын, сапалы қаралғанын...

Медиация әділ шешім негізі

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде медиация кеңінен қолданыла бастады....

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...