Орал қаласының №2 сотына талапкер Н. Бұрынғы жұбайы К-ға некеде тұрған уақыттағы ортақ меншікті бөлу туралы талап арызымен жүгінді. Талап арыздың мәні бойынша, жауапкер талапкерден алдын-ала келісімін ала отырып, неке кезінде алынған пәтерді сатып, сатылғаннан кейін ипотекалық займды жауып, қалған сомманы талапкер екеуі арасында бөлуге келіскен. Алайда жауапкер өз уәдесінде тұрмай, ипотекалық қалған қарызды жауып, қалған сомманы талапкерге бермеген.
Сот отырысы барысында, талапкер сөзі расталып, жауапкердің қалған ақшамен өз бетінше қолданғаны дәлелденді. Сот жауапкердің ықылассыз әрекеті арқылы жұбайынан қасақана ақшаны жасырғаны туралы тұжырымға келді.
Сот шешімімен жауапкерден талапкер пайдасына жылжымайтын мүлікті сатқан соммадан қалған ½ үлес бөлшегінде ақшалай қаржы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.