12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалып, жарқын болашаққа қадам басқан мемлекет болып қалыптасып келеді.  Осы мемлекетті қалыптастыру  қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан,  сол саланың кәсіби білікті мамандары даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. 

Қазіргі таңда сот жүйесінде көптеген жаңашылдықтар, заманауи өзгерістер орын алып жатыр. Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы шарт. Бүгінгі күні қарапайым бұқара халық бұрынғыдай сот мекемелерінің табалдырығын тоздырмай, кез келген өзіне қалаулы уақытта электронды интернет жүйесі арқылы өз істерінің қай сатыға келгенін, оларды қарау тәртібімен және сотқа келмей-ақ өз арыз-шағымдарын жібере алады. Сот қызметтерін пайдаланушыларға сот төрелігіне қол жетімділікті жеңілдету, цифрландыру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жасалынып жатыр.

Жылдан жылға жаңа заңдар қабылданып, қабылданған заңдарға түзетулер мен өзгерістер енгізіліп адамдар мен кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін лауазымды тұлғалардың теріс қылықтарынан қорғауды күшейтті, сот төрелігі мен сот қызметкерлерінің сапасын арттыруға жағдай жасады, сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтты.

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қоғамның өзгермелі сұраныстары, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және азаматтардың құқықтық санасының өсуі сот төрелігін жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін енгізуді талап етуде. Осы тұрғыда сот жүйесіндегі жаңашылдықтар сот төрелігінің ашықтығын, тиімділігін және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Болашақта жасанды интеллект элементтерін енгізу, сот аналитикасын дамыту және цифрлық қауіпсіздікті күшейту сот жүйесін дамытудың маңызды бағыттары болмақ.

Қорытындылай келе, сот жүйесіндегі жаңашылдықтар – әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтарын қорғаудың және қоғамның сотқа деген сенімін нығайтудың тиімді құралы. Судья ретінде бұл реформалар сот билігінің сапалы жаңа деңгейге көтерілуіне негіз қалайды деп есептеймін.

Сембаев Данияр Казалиевич, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...